Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)
Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетіншінөмірлер екен (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).
1-тапсырма.Сұрақтарға жауап берыныз. Бір жылда неше ай бар?
Бір айда неше күн бар?
Бір айда неше апта бар?
Бір аптада неше күн бар?
Бір тәулікте неше сағат бар?
Бір сағатта неше минут бар?
Бір минутта неше секунд бар?
Бір жылда неше күн бар?
2-тапсырма 1.Берілген сан есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар. Үш жүз елу. жиырма,екі жүз елу, он екі, тоқсан, жетпіс, сегіз жүз, он жеті,бес жүз тоқсан. Үлгі: жиырма тонна астық.
2.Сан есімнің мағыналық түрлерін атап, мысалдар келтір. 1.Есептік сан есім:
2.Реттік сан есім:
3.Тақтада жазылған сан есімдерге реттік сан есімнің жұрнақтарын жалға Он – ыншы, ....
4.Берілген сандардан реттік сан есім жаса.
10, 12, 23, 30, 40, 50, 67, 78, 89, 90.
3-тапсырма.Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді табыныз?
1……. атасын білмеген жетесіз.
2..Қызға …. үйден тию.
3…… жасар бала алыстан келсе,
Алпыстағы қария сәлем берер.
4….. сомың болғанша,…досың болсын.
5…ала болса,ауыздағы кетеді.
…. түгел болса төбедегі келеді.
6.Білекті бірді жығар,білімді …жығар.
7.Ер жігіттің …. сөйлегені-өлгені.
8.Жеті рет өлшеп….рет кес.
9.Білгенің бір…,білмегенің-тоқсан тоғыз.
10.Ел құлағы….
11…..тістен шыққан сөз…рулы елге тарайды.
12.Ер қаруы ….. қару.
4-тапсырма 1. Әрі зат есім, әрі етістік мағынасында қолданылатын қай сан есім? (...).
2.Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім? (қ....).
3.Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім? (ж......)
4.Қырықтарда, үш-үштен, екеу, жүзден бір сан есімдерін мағынасына қарай ажырат. (...........................................................................)
9.Екі буынды дара сан есімнің соңғы буын алып тастаса бұйрық етістік шығады. Ол қай етістік? (.......)