1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет71/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

5-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық, талап ету, қалау, өтініш формасы формасында жіктеңіз.
Сөйлеу, беру, айту. 
СӨЖ: «Жаһандық жылыну мәселесі және оны болдырмаудың жолдары» жағдаят.
ОСӨЖ: Табиғат туралы 10 мақал жазыңыздар.

8-апта.
Қарапайым денгей
Жыл мезгілдері,ауа райы,табиғат
Сан есімдердің мағыналық топтары (есептік,реттік)


Жыл мезгілдері,ауа райы,табиғат
Жыл мезгілдері- аспан сферасы (эклиптика) бойымен қозғалатын Күннің көрінерлік қозғалысына және табиғаттағы маусым өзгерістеріне байланысты жылдың кезеңдерге бөлінуі.Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауыспас еді.


Сан есімдердің мағыналық топтары (есептік,реттік)
Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп,оны анықтап, есебін,ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшелік үлесті, болжалдық, шамалық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай қарай сан есім алты топқа бөлінеді.Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.

Есептік сан есімдер


Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді. Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады (бір, екі, үш т. б.). Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Мысалы: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойына сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабаттастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сандық атауы есебінде жұмсалғанда ғана субстабтивтенеді. Мысалы: Қаңтардың бірінен бесіне дейін; екіні үшке қосса, - бес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет