1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет96/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Сапалық сын есімдер


"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[

Қатыстық сын есімдер


Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс


1- тапсырма: Төмендегі сын есімдерден күшейипелі шырай және асырмалы шырай жасаңдар:
Қара, аласа, бос, ауыр, келте, ащы, биік, шұбар, боз, әлді, еріншек, жақсы, тәуір, күрең, сопақ, жалпақ, қырлы.
Үлгі: жап-жалпақ. Тым жалпақ.
2- тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, күшейтпелі, асырмалы шырыйларды тап:
1. Кохоз қалашығы өте сәнді. Қалада биік-биік үйлер салынуда. Көшелерде электр шамдары жарқ-жұрқ етіп, күндізгідей жап-жарық болып тұрады. көшелер түп-түзу, теп-тегіс.
2. қара жерге түп-түгел жібек төселгендей.
3. жып-жинақы өте кең үстедің басында қонақтар жиналып, әңгімелесіп отыр.
3- тапсырма. төменде берілген сын есімдер мен зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:
Сын есімдер: доп-домалақ, жасыл,тұп-тұнық, көкала, кішкене ақ, сары, қызыл, көңілді.
Зат есімдер: тастар, шөп, бұлақ, көбелек, балалар, гүлдер.
4. тапсырма. Төмендегі сын есімдерге сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек жаз:
Қызыл. Еріншек. Ақылды. Қара ала. Түпсіз. Терең. Кең. Алыс. Анық. Ибалы. Мықты. Пәлеқор. Жеңіл. Жайлы. білгіш. Кәрі. Жасық. Арзан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет