1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді тап.
Қалталылар, қалталы жануарлар, төменгі сатыдағы аңдар (Metatherіa) – сүтқоректілердің бір класс тармағы. Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен – миоцен дәуірлерінен белгілі. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея, Үлкен Зонд аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі.
2-тапсырма.
Тест
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
а ) 6.
ә )7
б) 5
2.Сөйлемнен шығыс септікте тұрған сөзді тап:
Кеше Сауледен хат келді.
3.Шығыс септігінің сүрақтарын тап.
а) Кімде? Неде?
ә ) Кімнің? Ненің?
б) Кімнен?Неден?
4.Шығыс септікте тұрған сөзді тап.
а ) Мектептен
ә ) Мектепте
б) Мектептің
5.Шығыс септігінің жалғауларын тап
а)-да,-де,-та,-те
ә)-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
б)-дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен
3-тапсырма.Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:
Туған ... түтіні де ыстық.
... өзегі талмас.
Ас - ... арқауы.
... шиесін шын шығарады.
Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің
4-тапсырма.Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.
1. (Құндыз) терісі аса құнды болады.
2. (Шебер) қолы – алтын.
3. (Сәуле) әжесі ауылдан келді.
4. (Шошқа) көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.
БАӨЖ:Азық -түлік дүкенінде диалог құру
11-апта
Орта деңгей В1
Екы түрлы нәрсе гой сыр мен сымбат
Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері. Құранды етістіктер
Достарыңызбен бөлісу: |