5-апта Инклюзивті тәжірибедегі педагогикалық технология
№9 лекция тақырыбы:Инклюзивтік білім беру технологиясы.
Жоспар:
1. Технологияны педагогикалық басқару.
2.Әлеуметтік қолдауды демократиялау технологиясы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, Ақорда, 2010 жыл 7 желтоқсан, № 1118.
2. Малофеев Н.Н. История становления развития национальных систем специального образования (социокультурный аспект) // Специальная педагогика / Н.М. Назарованың редакциясымен. - М.: 2000.
3. Малофеев Н.Н. Специальное образование в России и за рубежом: 2 бөлімде. 1 бөлім: Батыс Еуропа. -М.: Баспа сарайы, 1996. – 182 б.
4. История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца XX в.: Педагогикалық оқу орындарына арналған оқу құралы / Под ред. А.И. Пискунованың редакциясымен. - М.: 2001. – 265 б.
5. Малофеев Н.Н. Образование как институт социализации лиц с ОВЗ в современном обществе [Электрондық ресурс]. –Қолжетімділік түзімі: http://www.ikprao.ru/konf/doc/ Malofeev.doc (20. 08. 2011).
6. Кун Т. Структура научных революций. - М.: 1977.
7. Замский Х.С. Умственно отсталые дети. История их изучения, воспитания и обучения с древних времен до середины ХХ века. - М.: 1995.
8. Ратнер Ф.Л., Сигал Н.Г. История становления и развития идей инклюзивного образования: международный опыт: www.gramota.net/materials/3/2012/12-2/38.html
Мүмкіндігі шектеулі баланы білім беру мен тәрбиелеудің жалпы ортасына қосудың кешенді механизмі ретіндегі инклюзивтік білім беру баланы жалпы білім беру мекемесіне, содан кейін одан да кең әлеуметтік ортаға инклюзиялауға арналған технологиялық ресурстар спектрі бар стратегиялық кең алаңды тірек етеді. Инклюзивтік білім беру практикасы мүмкіндігі шектеулі баланың өзіндік ерекшеліктері мен инклюзивтік сыныптағы барлық балалардың өнімді қатынасының мазмұнын білдіретін орталық детерминанттарды есепке алатын технологияның, әдіс-тәсілдердің белгілі бір спектрін пайдаланғанда ғана тиімді жүзеге асуы мүмкін. Инклюзивтік білім беру технологиясының батыстық жиынтығын талдау инклюзивтік мектептегі шетелдік жұмыс тәсілдер мен практикалық тактикалардың кең көлемде вариативтік екенін дәлелдейді. Батыстық педагогикадағы инклюзивтік білім беруді құру тәслдері мен құралдарын талдаудың технологиялық бірлігін ерекшелеудің негізгі көрсеткіштері: - технологияны педагогикалық басқару; - тьюторлық технология; - әлеуметтік қолдауды демократиялау технологиясы; - білім алудағы ерекше қажеттіліктерді қанағаттандырудың технологиялық қызметі. Батыстық зерттеушілер М. Фуллан, Д. Тайак және Л. Кубан өз еңбектерінде инклюзивтік сынаптағы стартегиялық және тактикалық басқару технологияларын сипаттады [46, 47]. Ғалымдар өз зерттеу жұмыстарында инклюзивтік сынаптағы педагогиканың тиімді басқару технологиясын бірқатар орталық оқытушыларының пікірлеріне негіздейді, оларды кешенді түрде жүзеге асыру инклюзивтік білім беру қауымының атқарымдық механизмдерінтура және жанама түрде жақсартуға мүмкіндік береді: 1. Кез келген өзгерістердің нақты сипаты болады. Берілген постулат сан алуан түрленімнің нақты мақсатты негізіне бағдарлауды білдіреді. Бұл мұғалімнің ендірген әрбір оқушының жеке қажеттілігі мен мұқтажын есепке ала отырып құрылуға міндетті өзгерістердің жүйелілігін, мақсатты бағыттылығын және релеванттығын білдіреді. 2. Ендірген өзгерістер шектелген сипатта болмауға тиісті. Бұл факт инклюзивтік білім беру ортасын ұйымдастырудағы түрленім лимитінің болмауын білдіреді. Сонымен бірге ендірілетін инновация аса көлемді болмауға тиісті, себебі ондай жағдайда оқушы жүзеге асырылатын жаңа өзгерістрге бейімделуге үлгермейді. 3. Мұғалім инклюзивтік сыныпта туындайтын мәселелер мен қиындықтарды еңсерілмейтін қарама-қайшылық ретінде емес, мүмкіндіктері шектеулі балалардың құрдастарының ортасына қосылудың жағымды динамикасына қол жеткізудің позитивті жолы ретінде қарастыруға міндетті. Бұл қағида кез келген мәселелердің жағымды жағында бекітіледі және туындайтын мәселелер туындаған қиындықтардан шығу мүмкіндігі ретінде 39 бағаланады. 4. Педагогикалық практикалық әрекеттер және мұғалімнің рефлективтік көруі бір-бірімен толық көлемде үйлесуге міндетті. Берілген жағдай инклюзивтік сыныптағы барлық субъектілерге психоәлеуметтік және эмоциялық жағымды атмосфера жағдайында өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Қарастырылған педагогикалық икемділікті қалыптастыру – әрбір бала қабылданатын және өзінің шамасын жүзеге асыра алатын шынайы инклюзивтік сыныпты құруға арналған негіз. 5. Мұғалімнің өзінің жеке күші мен нормативтік инклюзивтік микросоциумды құру бойынша балалардың топтық өзара әрекеттенуі арасындағы өзара барабар байланыс инклюзивтік білім беру қауымының басымды старатегиясы болып табылады. Сыныптағы инклюзияның көрсеткішіне инклюзивтік әлеуметтік кеңістік құруға өзара үлесін қосу қажеттілігін түсіну жатады. Бұл инклюзивтік парктиканы жүзге асыруға арналған құқық пен жауапкершілікті барлық субъектілердің арасына тең бөліп беруге мүмкіндік береді. 6. Инклюзивтік сыныпты тігінен және көлденеңінен басқару стратегиясының үйлесуі. Білікті мұғалім өзінің жұмысын оқушылардың жеке тұлғалық қалаулары мен басқарудың директивалық тақтикаларын қиыстыру негізінде құрайды. Бұндай нұсқа инклюзивтік білім беру қауымының өмір сүруін нормалайды, оның атқарымдық қолданысын орындау үшін жағымды жағдай тудырады. 7. Инклюзивтік мектеп жергілікті қоғаммен тығыз байланыста өзара әрекеттенген және олардың ынтымақтастық жағдайында ғана бір тұтас білім беру үдерісі жүзеге асады. Қарастырылған өзіндік сипат инклюзивтік білім беруді мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік қатынастардың желісіне қосудың бір бөлігі ретінде ұғынуға мүмкіндік береді [46, 47]. Американдық зерттеуші У. Хитзингом өз еңбектерінде «педагог – бала» жүйесіндегі педагогикадағы басқару технологиясының микроәлеуметтік мәнмәтінін қарастырып өтті. Оның пікірінше, балалық-оқытушылық өнімді өзара әрекеттену жағымды педагогикалық басқару технологиясында ғана құру мүмкін болады, бұл мүмкіндігі шектеулі баланы оқу үдерісінің жеке құрамдық бөліктерінде де жағымды әлеуметтік бейімдеуді білдіреді [48]. Педагогикадағы басқару технологиясын берілген батыстық көрінісін талдау оның жалпы позитивтілігін анықтайды. Басқару негіздерін логикалық ұғыну мүмкіндіктері шектеулі балалардың және мұғалімнің арасындағы қауіпсіз және қабылдау қатынасын дамыту, жеткен жеке жетістігін бекіте отырып, оқушыны бағалауда барабар тәсілдерді пайдалану икемділіктеріне негізделетін инклюзивтік білім беру үдерісінің мәнін түсінуі туралы дәлелдейді. Инклюзивтік мектептегі баламен мұғалімнің арасындағы қатынасты жүзеге асырудың маңызды сәті мүмкіндігі шектеулі баланың қосылуда белсенді орын алуында туындайтын мәселелерді жеңу үшін барлық субъектілердің күшінің жиынтығының құрылымы ретінде бағаланатын табыстылықты сезінуге жағымды көзқарас қалыптастыру болып табылады.
№10 лекция тақырыбы: Тьюторлық технология.
Жоспар:
Тьютер- әмбебап мұғалім
Пайдаланған әдебиеттер:
Түп негізі жоғары оқу орындарынан бастау алған тьютор-оқытушылар қазір орта білім беру ордаларына да жетті. Қазіргі таңда еліміздегі ЖОО-лармен бірге мектеп-лицейлерде де тьюторлық қызметтер көрсетілуде.
Жалпы, тьютор дегеніміз кім? Тьютор сөзі ағылшын тілінен (tutor) енген сөз. Қазақша мағынасы – «қамқоршы», «жәрдемші» дегенге келеді. Бір сөзбен айтқанда, «балаға бағыт-бағдар беруші». Негізі, тьюторлар ЖОО-да студенттерге белгілі бір пән бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізіп, оқу процесін жетілдіріп, семестрлік және курстық жұмыстарға басшылық ететін пән оқытушысы.
Бұл ұғым, еуропалық университеттермен тығыз байланысты. Әуел баста Ұлыбританиядан бастау алған.
Тьютор – ең алдымен XIV ғасырда Оксфорд университетінде, одан кейін Кембридже рәсімделді. Сол уақыттан бастап тьюторлық міндет университеттің тәлімгерлік формасы ретінде түсіндірілген.
Жалпы қазіргі таңда, білім берудің дәстүрлі кеңістігінде тек қана оқуға екпін қойылып, әлеуметтік практика үрдісі қарастырылмаған. Ал тьюторлық үлгіде балаға білім берумен қоса оның қоғамдық белсенділігі міндетті түрде қарастырылады. Яғни, тьютор мен оқушы белгілі бір тақырыпты анықтап, алдына мақсат-міндеттер қойып, жеке білім алу бағдарламасын жасайды.
Қазір, тьюторлық қызмет, әсіресе, зияткерлік мектептерде жиі көрініс беріп жүр. Оның себебі, дарынды оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеруіне жағдай жасау мақсатында мектептерде академиялық кеңесшілер – тьюторлар қызметі ұйымдастырылған.
Тьютор-мұғалімдер оқушының дербес білім алуын ұйымдастыруда негізгі үйлестіруші рөлінде екенін атап айтқымыз келеді. Тьютор оқушылармен, сондай-ақ пән мұғалімдерімен жеке әңгімелесіп-пікірлесу, түрлі кеңестер мен тренингтер жүргізу арқылы әр оқушының неге қабілетті немесе қандай бағытта әлсіз екенін анықтайды. Әрі қарай кіммен қай бағытта жұмыс жасау керек екенін жоспарлайды. Шамамен әр тьюторға 6-7 оқушы бекітіледі. Олар оқушылардың ғылыми жобалар бойынша жұмыстарына қолдау көрсетіп, жетекшілік жасайды. Баланың дербес жұмыс жасап, белсенділігін арттырып, жалпы оқу процесіне еркін енуіне көмектеседі.
«Бұл ерекше педагогикалық позиция», – деп түсіндірді бізге тьютор ұғымын Астана қаласындағы «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Динара Сапарова. Оның сөзінше, тьютор мұғалімдердің ерекшелігі – оқушыларға тек сабағын өтіп қана кетпей, сонымен қатар сыныптан тыс уақытта да қосымша іс-шаралар ұйымдастыруға атсалысады.
Мысалы, оқушыларды сыртқа алып шығып, олармен серуендеу, кинотеатрға немесе мұражайларға апару қызметтерін де қоса атқарады. Еліміздегі қазақ-түрік лицейінің оқушылары жатақханада жатып оқитындықтан мұғалімдер оқушылармен сабақтан тыс уақытта да үнемі бірге. Яғни, оларға түрлі тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізіп, жалпы тьюторлар мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласады, – дейді Динара Сапарова.
Тьютор-мұғалімнің негізгі мақсаты – балаға тек білім беріп қана қоймай, оларға дұрыс тәрбие беру. Демек, тьютордың бойында, оқытушының, кеңес берушінің, сондай-ақ менеджердің қасиеті болуы тиіс.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру ісіне ден қойыла бастады. Біздің мемлекет ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып білім алуы үшін ерекше жағдайды қажет ететін балаларға тең дәрежеде оқу оқытуды заңнамалық деңгейде бекіте алды. Ауылды, ауданды жерлерде болмаса, ірі қалаларда инклюзивті білім беру мәселесі біртіндеп жолға қойылуда. Біртіндеп болса да, бұл саланың бір жүйеге келтіріле бастағаны көңіл қуантады. Өйткені ерекше баланың арнайы мектептен гөрі, жалпы ортада білім алуы оның дамуына әлдеқайда тиімді ықпал етеді.
Алматыдағы №75 мектепте үш түзету сыныбы жұмыс істейді. Мұнда 12 ерекше бала білім алады. Бұл білім ошағының мұндай жауапкершілікті өз мойнына жүктеуіне «Болашақ» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асатын «Равный равному» жобасы септескен. Осы мектепте білім алатын ерекше балалардың дамуындағы прогресс жайында әлеуметтік желілерден жақсы білеміз. Ерте жастан дамуында аутизм диагнозы анықталған Амина Ташиева осымен екінші жыл жалпы мектепте білім алса, Даун синдромы бар Асад Шакибаев та биыл №75 мектептің бірінші сыныбын бітірді. Әдетте, арнайы мектептерде бір сыныпта 10-15 ерекше бала оқыса, жалпы білім беру ошақтарында қалыпты балалардың қатарына тек 1-2 ерекше бала қосылады. Дамуында ерекшелігі бар бір-екі баланың жалпы ортада отырғаны мұғалімнің сабақ өтуіне қиындық туғызбайды әрі мектеп оқушыларының да назарын аса аудара қоймайды. Есесіне, ерекше баланың дамуына ықпалы орасан. Ол үшін мектептегі ұстаздар құрамы бірқатар әлеуметтік маманмен толығуы қажет. Мәселен, №75 мектептегі түзету сыныптарында балалармен дефектолог, психолог, логопед пен тьютор жұмыс істейді. Алғашқы үш маманның аты мен заты таныс. Бізге таңсығы – тьютор. Ол кім? Басқа мамандардан айырмашылығы неде?
№75 мектепте төрт тьютор жұмыс істейді екен. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Қанатқызы: «Қазіргі кезде пилоттық жоба ретінде 12 баланы оқытып жатырмыз. Анықтама құжаттарында тьютор қажет деп саналатын балаларға тәрбиеші қостық. Мұндай төрт бала бар, сәйкесінше төрт тьютор жұмыс істейді. Олардың ерекше балалардың қоғамға бейімделуіне тигізетін септігі мол», – дейді. Тьютор ерекше баланың жалпы сыныпта білім алуға бейімделуіне көмектеседі. Мәселен, дамуында ерекшелігі бар оқушылар 45 минуттық сабақ барысын бірден қабылдай алмауы мүмкін. Тьютор осыны қадағалап отырады, қажет жағдайда сыртқа алып шығады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Тебенова К.С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К.С. Тебенова, С.Т. Каргин, Л.С. Заркенова и др. – Алматы: издательство «Эверо», 2016.-304с.
2 Жубанова С.С. Теория и практика инклюзивного образования. Учебное пособие. – Алматы: Эверо, 2016.-148с.
3 Жардемалиева Э. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмысы жүйесінде көрнекті үлгілеу әдісін пайдалану. Дефектология.-2018.-№9- (99). -2б.
4 http://www.edu.gov.kz/ru/- официальный сайт Министерства образования науки РК
Достарыңызбен бөлісу: |