6-апта. Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне педагогикалық технологияның деңгейін зерттеу
№11 лекция тақырыбы: Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне педагогикалық технологияның деңгейін зерттеу және талдау мақсаттары мен міндеттерін таңдау
Жоспар:
1.Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне педагогикалық технологияның деңгейін зерттеу және талдау мақсаттары мен міндеттерін таңдау
Пайдаланған әдебиеттер:
Инклюзивтік білім беру әдіснамасында білім алуда ерекше қажеттіліктері
бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің тұтас жүйесіне қосудың жоғары
деңгейіне жету үшін инклюзивтік білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің күштерінің жиынтығы ретінде түсіндірілетін командалық тәсілдеме жетекші орын алады. Инклюзивтік білім беру кеңістігін құру кезіндегі командалық тәсілдеме оның кешенділігіне қарай ол жеткілікті көлемде түрленеді және сан алуан түрлі екпінді қойғанда жіктеледі деп түсіндіріледі.
Командалық тәсілдеменің канадалық өкілдері М.А. Мастропиери, Т.Е. Скраггс, Р.С.Подемски және т.б. инклюзивтік сыныптағы қолдауды инклюзивтік білім берудің әр түрлі субъектілерінің күшінің кешенді түрде бірігуі деп анықтайды,бұндай жағдайда мүмкінділіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өнімді шешуде сыныбында осындай бала бар бір мұғаліммен ғана тұйықталмайды. Аталған ғалымдардың пікірінше инклюзивтік білім беру жүйесін құру кезіндегі командалық стратегияны жүзеге асыру педагогтардың тұлғааралық қатынасында ақпараттық және практикалық материалдармен үнемі алмасуы арқылы жүреді, бұл әрине мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқудағы үлгерімі мен әлеуметтік құзыретін арттыруға тікелей әсер етеді. Оқытушылар мен бұндай қатынастың мақсатты ұстанымының арасындағы диалогтың мазмұнды жағынан қарағанда инклюзивтік сыныптағы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың әр түрлі командалық түрлері
ерекшеленеді.
Батыстық үлгілерде командалық тәсілдеменің «екеулеп оқыту» түрі жиі
пайдаланылады, бұл әдеттегі мұғалім мен мұғалімнің ассисентінің арасында
тығыз байланыс орнатуды қарастырады. Бұндай тәсіл мүмкіндігі шектеулі
баланың жеке бағдарламасының мазмұнын барынша сапалы қалыптастыруда
өзара жауапкершілікті бөлісу жүйесін құрастыруға көмектеседі.
Біздің пікірімізше, жұмыстың бұндай түрі өте өнімді, себебі бұл жағдайда
командалық тәсілдемені жүзеге асыру жалпы және арнайы білім беру
элементтері құрамдасатын иілімді оқу бағдарламасын қалыптастыруға негіз
болады, бұл бір жағынан мүмкіндігі шектеулі баланың жеке қажеттілігін, ал бір жағынан бала меңгеруге тиісті оқу пәнінің мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді. Ағылшын зерттеушісі Э. Паттерсонның командалық тәсілдемесінің басқа нұсқасы білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің арасындағы өзара әрекеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Ерекше маңызды сәттер сапасында «маман-маман» жүйесіндегі өзара әрекеттену ерекшелінеді, білімнің әр түрлі салаларының инклюзивтік білім беру аясында үйлесуі инклюзивтік білім беру стратегиясына және оларды мектептік бірлестікке практикалық ендіруге арналған өнімді негіз құруға мүмкіндік береді.
Э. Паттерсонның көзқарасына сәйкес оқудың инклюзивтік түрін құрудағы педагогтардың өзара әрекеттенуінің тұрақтылығының артықшылығы зор, олжекеше оқыту элементтеріне ендіруде өзінің көрінісін табады:
- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың жеке ерекшеліктері бойынша жалпы және арнайы педагогтың күшін тұрақты біріктіру есебінен, оқытудың уақытша бағдарын ұйымдастыру;
- мектептің барлық мұғалімдерінің уәждемелерін біріктіру жолымен әрбір
оқушыны қолдаудың жеке жүйесін құру;
- балаларды инклюзивтік білім беру ортасына қосуға кедергі болатын
олардың барлық ерекшеліктерін кешенді түрде есепке алу аясында жүретін
кәсіптік негіздердің тығыз өрілу есебінен әрбір баланың психофизикалық
ерекшеліктерін ұғыну;
- жалпы қабылданған нормадан ауытқулары бар балаларды оқытудың
тиімді стратегиясы бойынша басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу есебінен
оқу материалын меңгертудің жекеше-темпоралды ерекшеліктерін рефлексивтік қабылдау мүмкіндігі.
Командалық тәсілдемені әр түрлі бейінді мамандардың өзара байланысы
арқылы қарастырудың жағымды мәні бар. Инклюзивтік мектептің
мұғалімдерінің арасындағы өзара әрекеттенудің толық құнды болмауы
инклюзивтік үдерістерді жүзеге асыруға кедергі болады, сондай-ақ бұл жерде
баланы жалпы білім беру мекемесіне шынайы қосу туралы айтуға болмайды.
Инклюзивтік тәсілдеменің мәні педагогтардың арасындағы тұрақты өзара
байланыс пен ұйымшылдықты ерекше баламен өзара әрекеттенудің қажетті
тәжірибесін алу, сондай-ақ өзінің әріптесіне беру командаға қатысушылардың шеберлігін өзара байыту тәсілдері деп ұсынады.
Инклюзивтік білім беруді құрастырудың басқа жетекші талабына
аксиологиялық тәсілдеменімәнмәтінде қарастыру жатады. Берілген
тәсілдеменің мазмұнының мәніне әдеттетідей еместің кез келген түрі
әлеуметтік позитивтік перцепияға ұшырайтын, ал мүмкіндігі шектеулі балада
бар әлеуметтік-педагогикалық ақтаңдақ тұрақты негатитві жеке мінез ретінде
қабылданбайтынинклюзивтік сыныптың коммуникативтік құрылымының
құндылықты-нормативтік негізін ендірумен беріледі.
М. Сапон-Шевин, С. Пэк және т.б. зерттеушілер аксиологиялық
тәсілдеменің мағыналық мазмұнын сипаттай отырып, әрбір оқушының
ерекшелігін барынша қабылдау және эмфатикалық қатынастрады
апробациялаукөзделген инклюзивтік сыныптың барлық мүшелерінің өзара
байланыстарын реттеу механизмінің құныдылығын түсінеді.
Аксиологиялық тәсілдеменің ұғымын түсіну мектептің берік бірлестігін
қалыптастыру кезінде жетекші көрсеткіштерге тәртіптік, жекше-темпоральдық, мағыналық, жанжалсыз негіздердің синтезін жүзеге асырғанда мүмкіндігі шектеулі баланың балалар ұжымына қабылдау атмосферасы құрылатынын көрсетеді. Жүргізілген талдау бізге мектептік ұжымдағы келесі маңызды аксиологиялық элементтерді жалпыланған түрде ерекшелеуге мүмкіндік береді:
1. Қатыстылықтың айқын байқалған сезімі. Инклюзивтік сыныптың әрбір баласында өзін мектептік қауымның бөлінбейтін мүшесі ретінде сезінуін және өзін ұжыммен сәйкестендіруін қалыптастыруды білдіреді.
2. Мектептік қауымдағы инклюзияның шынайы мәдениеттіліктің болуына эмпатия, толеранттықтың құндылығын бөлісетін нормативтік негіздің белсенді қызмет атқаруы кепілдеме болады.
3. Барлық оқушылардың жауапкершілікті және ұжымның дамуына өз
үлесін қосу қажеттілігін сезінуі. Инклюзияны жүзеге асырудағы жағымды
моральдық-адамгершіліктік негізді түсінуге инклюзивтік білім беру
континуумының барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің
дұрыс бөлінуі негіз болады.
4. Шешімді қабылдау кезіндегі шынайы демократияны байқату.
Аксиологиялық негіздер интеракцияның либералдық тактикаларына
негізделеді, бұл әрбір балада жеке бастық әлеуметтік, философиялық, мәдени
идеяларды ашық көрсете алатын мүмкіндік пайда болады және бір тұтас қауым болып қызмет атқаратын инклюзивтік сыныпта міндетті түрде демократияның қалыптасуының қажеттілігін білдіреді.
5. Барлық оқушылардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, олар үшін
бірдей болжалдың көрінуі. Бұл аксиологиялық жағымды эмоциялық көңіл күй жағдайындағы мұғалім либералдылығын көрсете отырып, барлық оқушылардан әлеуметтік талаптардың барынша бірдей деңгейін қалыптастыруға тиісті. Бірақ сонымен бірге мұғалімнің стратегиясы иілімді және мобильді болуға міндетті, бұлар баланың шынайы мүмкіндігіне, оның қызығушылығы, қалауы мен қажеттілігіне қарай өзгеріп тұруға тиісті.
Сонымен батыс елдеріндегі инклюзивтік білім берудің аксиологиялық
тәсілдемесінің мәні ізгілікті және толерантты білім беру ортасын құрудың
жетекші элементі ретіндегі моральдық-адамгершіліктік мағыналардың
анықтамасымен беріледі. Аксиологияның мақсатты ұстанымы барлық
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 13 б.
2 Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж
3 Жардемалиева Э. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмысы жүйесінде көрнекті үлгілеу әдісін пайдалану. Дефектология.-2018.-№9- (99). -2б.
4 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды жалпы бiлiм беру ұйымында оқуға даярлық деңгейін өлшеуіштерді жасау және енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. – 2018ж.
№12 лекция тақырыбы: Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне педагогикалық технологияның деңгейін зерттеу және талдау мақсаттары мен міндеттерін таңдау
Жоспар:
1.Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесіне педагогикалық технологияның деңгейін зерттеу және талдау мақсаттары мен міндеттерін таңдау
Инклюзивті мектепте білім беру ортасын заман талаптарына сай модельдеу мәселесі бүгінгі күнде аса маңызды мәселелердің бірі.
В.А.Ясвиннің ойынша, жеке тұлғаның психологиялық мінездемесі (А.Маслоу бойынша), «педагогтар қолынан шығарылатын», «сапалы затты» модельдеу мен жобалаудың нақты нысанасы болуы мүмкін:
- қоршаған ортаны белсенді қабылдау және онда жақсы бағдарлай алу;
- өзін және басқа адамдарды ерекшеліктеріне сай қабылдау;
- өз ой-пікірлерін және сезімдерін ашық білдіріп, іс-әрекеттерінде еркін болу;
- өзінің ішкі өміріне (сезімдері, уайымдары) ғана емес, «сыртта» болып жатқан жағдайларға назар аудару;
- көңілді, әзілкеш болу;
- дамыған шығармашылық қабілеттер;
- ережелерді қабылдай алу;
- тек өзімен ғана айналыспау, басқаларды да уайымдау;
- өмірді түсінуге ұмтылу;
- қоршаған адамдармен (барлығымен болмаса да) жақсы қарым-қатынаста болу;
- өмір сүруде жаңа, қызықты жолдар іздеуге ұмтылу.
В.А.Ясвиннің ойынша, мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – әр оқушы үшін дамуына жағымды жағдай жасау арқылы оқу процесін модельдеу. Білім беру ортасы балаға дамуындағы түрлі бағыттар бойынша (физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және т.б.) жоғары нәтижелерге жетуге жағдай жасауы тиіс.
Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық компонентін модельдеу мен ұйымдастыруға Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегінде назар аударған. Ол оқу мекемесінің кеңістіктік-заттық ортасын қарастырғанда бала мектептің ғимаратының, отыратын сыныбы мен орнының және т.б. әдемі болуы, ұнауы туралы айтқан.
Мария Монтессори бірінші болып білім беру ортасының кеңістіктік-заттық моделі жекетұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне назар аударған. М.Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған. Инклюзивті білім беру ортасын модельдеуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі ерекшеліктеріне назар аудару керек:
- алғашқы бұзылыстың (кемістіктің) құрлымына;
- оның көрініс табуына;
- психофизикалық дамудың мінездемесі мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қимыл-қозғалыс, көру-кеңістік); екіншіден дамыту ортасының концепциясында құрастырылып, ұсынылған талаптарды ескеру; мұнда келесі принциптер ерекше маңызға ие болады:
1. Ортаның көптеген қырлары мүмкіндіктері шектеулі балаларды түрлі әрекеттерге итермелейтін жағдайлар жасайды. Шартты түрде өзіндік іс-әрекеттер орындай алатын балалардың түрлі міндеттерді шешуге негіз болатын дидактикалық материалдар, көрнекіліктер ұсынылады, қолжетімді болып орналастырылады.
2. Жайлылық және тұрақтылық принципі. Ортаның компоненттерінің тұрақтылығы, сенімділік пен қамқорлық беруі.
3. Әр баланың даму ерекшеліктерін ескеру принципі. Инклюзивті кеңістікті жобалауда баланың психофизиологиялық даму деңгейін, қызығушылықтарын ескеру керек. Орта баланың өзекті, жақын даму және өзіндік даму қажеттіліктерін қамту керек.
4. Коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.
5. Тиімділік пен қолжетімділік принципі. Ортаның әрбір компоненттері жалпы мақсаттарға сәйкес болуы керек. Ерекше балаға дамытатын заттық ортаның қолжетімді болуы – материалдар, кітаптар, көрнекіліктердің қол созымды деңгейден жоғары болмауы.
Инклюзивті кеңістікке қосылған балалар контигентіне байланысты
дамытатын заттық орта өзіндік ерекшеліктерге ие болып, барлық іс-әрекет түрлерін терең дамытуға жағдай жасайды. Яғни, инклюзивті сыныпта кіші топтармен немесе белсенділік орталықтарында балалармен жүргізілетін жұмыстарда білім беру ортасын түрлендіру қажет:
- бала сипап сезу арқылы ажырататын белгілері бар оқу орталықтары мен басқа да сыныптағы аймақтарды жабдықтау;
- баланы сабаққа дейін сынып бөлмесімен таныстыру;
- ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға басқа балаларды тарту;
- баланы қоршаған орта тұрақты болуы тиіс;
- төтенше жағдайдың пайда болу жағдайына әрекеттер жоспарын құру; оқу жағдайында көмек дер кезінде көрсетілуін қамту;
- қажет болғанда мүгедектер арбасы өтетіндей етіп, есікті кеңейту; барлық баспалдақтарды пандустармен жабдықтау;
- мүгедектер арбасымен еркін қозғалу үшін жиhаздарды ыңғайлы етіп орналастыру;
- топтық сабақтар мен ұжымдық ойындарға арналған кеңістікпен қамту;
- ғимаратта мүгедек арбасымен кіруі мүмкін емес әжетхананы баланың пайдалануына байланысты жабдықтау;
- баланың мұғаліммен немесе басқа баламен жұмыс жасауына арналған бұрышты жабдықтау;
- бұрыштың ішінде болып жатқанды мұғалімнің қадағалауы, ал балалар сыныптағыларды көрмеуі үшін ол бұрыш ширмамен бөлінуі тиіс;
- іс-әрекет орталықтарын, физикалық тосқауыл ретінде тақтайшалармен бөлу керек;
- зақым келтірмейтіндей етіп, жиhаздардың үшкір бұрыштарын жұмсақ заттармен қаптау;
- балаға, демалу керек болған сәтте, қимыл-қозғалыс жасауға жағдай жасау;
- танымал ортамен қамту.
Инклюзивті сыныпта мүгедектігі бар балаларға арналған ортаны ұйымдастыруда міндетті түрде:
- балаларды ыңғайлы орындарға отырғызу керек;
- балаларды жақсы оқитын баламен отырғызу;
- сыныпта жағымды рольді атқаратын баламен отырғызу керек;
- назарды аударатын заттардың жанына отырғызбау;
- жеке жұмысқа арналған орындарды немесе сыныптағы тыныш аймақтарды пайдалану;
- сынып тақтасын қажет емес материалдармен толтырмау;
- қауіпсіз, кедергілер мен асулардан бос, қолжетімді орта қажет;
- сыныпта қозғалуға адекватты кеңістікпен қамту;
- оқушылардың бір-бірімен араласып, жұмыс жасауына арналған оқу орындарын ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |