14. Кермеде орындалатын профильдік жаттығуларды орындау техникасы негіздері. Гимнастиканың спорттық түрлері-спорттың жеке түрі ретінде насихатталады. Бұқаралық және спорттық түрлер деп аталатын екі топшалардың ерекшеленуі мынамен түсіндіріледі. Жоғарғы спорттық шеберлікке жетуді және жауапты жарыстарға қатысуды мақсат еткен. Бағдарламалардың күрделілігінің артуы, жыл бойы арнайы дайындықты, спорттың осы түріне деген жеке қабілеттің болуын талап етеді. Спорттық гимнастиканың қалың бұкара арасында кең таралуын және спорттың осы түріне барлық ниет білдіргендерді қатыстыру үшін "Б" категориялы классификациялық бағдарламасы жасалынады. Міне осылайша мазмұны бойынша теориялық және әдістемелік жағынан гимнастиканың көптеген түрлерінің негізделуі, оларды дене тәрбиесіне тән алуан түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері оны кез- келген контингентпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |