1-АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
1.Гимнастиканың жалпы заңдылықтары және дамуының негізгі кезеңдері.
Дене жаттығулары. Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі Қимыл-қозғалыстық іскерлік пен дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ескеру балаларды үйретудің әр кезеңінің жеке практикалық міндеттерін анықтайды.
Бірінші кезең-қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бастапқы үйретілуімен сипатталады; екінші кезең-тереңдей үйренумен; үшінші кезең-қимыл-қозғалыс әрекетін нығайту және жетілдірумен сипатталады. Бастапқы үйретудің бірінші кезеңінде: балаларды жаңа қимыл-қозғалыс әрекеттерімен таныстыру, бүкіл қимыл-қозғалыстық акт жайлы тұтас түсінік тудыру және оны меңгергенге дейін оны жалпы сипатта орындай отырып үйрене бастау міндеттері қойылады. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін баланың тапсырманы жан-жақты қабылдауын қамтамасыз ету, негізгі анализаторлардың бәріне - көру, есту, қимыл-қозғалыс, әсер ету, тұтас алғанда, қимыл-қозғалыстық акт жайлы түсінік тудыру керек.
Бастапқы үйрену әдістемесі. Алға қойылған міндеттерді негізге ала отырып, тәрбиеші әртүрлі тәсілдер жиынтығын шамамен мынадай ретпен пайдаланады:
1.Yлгіні дұрыс, айна қатесіз анық көрсету. Оны тәрбиеші басынан аяғына дейін тиісті қарқынмен эмоциялы орындап шығады, бұл балаларға қимыл-қозғалыстың тұтас образын динамикалы түрде қабылдауға, оларды қызықтауға және оны орындауға ұмтылуға мүмкіндік береді.
2.Қозғалысты құрайтын қимыл-қозғалыс әрекеттерінің барлық элементтерін түсіндіре отырып, едәуір баяу қарқында даралап көрсету. Мысалы, тәрбиеші: «Балалар, тағы да қараңдар, мен таяқты жоғары көтеремін де, соған қараймын, содан соң оны бүгіліп тұрған сол тізеге түсіремін де, «тізеге тигізіңдер» деймін, ал аяғымның басы төмен қарай созылып тұрады»,-дейді. Бұлайша даралап көрсеткенде еш уақытта есептеуді (бір, екі, үш т. б.) қолданбау керек, есептеудің санаға көмегі тимейді және балада қажетті алдын ала бағдарлау тудырмайды, сонымен бірге сөз балалардың санасына әсер ете отырып, кеңістікке (солға, оңға, жоғары, төмен) бағдарлау-зерттеу рефлексін тудырады және өз денесі мүшелерінің қимыл-қозғалысы жайлы (қолды көтеру, бүгіліп тұрған тізеге түсіру т. б.) түсінік береді. Бұдан кейін балалар тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай отырып, әрекетті өз беттерімен жасайды, яғни өз саналарында қалыптасқан қимыл-қозғалыс бейнесін тәжірибе жүзінде тексереді, ал тәрбиеші балалардың тапсырманы қалай түсінгенін қадағалайды. Бұл тәсілдердің барлығы ми қыртысында уақытша байланыстардың пайда болуын қамтамасыз етуіне және осы қозғалысты құрайтын қимыл-қозғалыс элементтерінің бүкіл ретін баланың есте саналы сақтауына, бұлшық еттік түйсікке сүйеніп олардың тұтас, қимыл-қозғалыстық бейнеге бірігуіне көмектесуі тиіс. Дегенмен, егер мұның өзінде балалар қимыл-қозғалысының тапсырмаға қалай да бір сәйкес келмеуі көрініс берсе, ол тәрбиешінің түсіндіріп айтуы немесе көрсетуі жолымен реттелінеді.
Көрсетілген тәсілдер орта топтан бастап қолданылады. Балабақшаның екі кішкентайлар тобын алатын болсақ, онда бұл жастағы балалардың үйретілуіне көбіне, ойындық тәсілдер немесе тәрбиешінің түсініктеме беруімен және осы әрекеттерге балаларды тартумен бірге қалай жасау үлгісін көрсету пайдаланылады. Yйрету әдістемесінің осындай өзіндік ерекшелігі кішкентай балалар назарының бір бағытта шоғырлануының жеткіліксіздігінен алдын ала бақылауға қажетті ұстамдылықтың жоқтығынан, балалардың өздерінің көз алдарында өтіп жатқан нақты қимыл-қозғалысқа еліктеу процесінің өзін ғана қанағат тұтуынан анықталады. Көрсетілген қимыл-қозғалыстарды орындау, тәрбиешінің мадақтауы балаларда дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың бастапқы кезеңінің табысты болуын айқындайтын эмоциялық жағымды жағдай туғызады.
Қимыл-қозғалыстарды тереңдете үйретудің екінші кезеңіндегі міндеттер үйреніп жатқан әрекет техникасы детальдарын орындау дұрыстығын анықтаудан, бар кемшіліктерді бірте-бірте түзетуден және қимыл қозғалыс әрекетінің тұтасынан алғанда дұрыс орындалуына қол жеткізуден тұрады. Шартты рефлекстердің пайда болу мехнизмін ескере отырып, педагог санада және бұлшық еттік түйсікте осы әрекет элементтерінің бір ізділігін, түйсіктердің нақтылығын қайта қалыпқа келтіруі тиіс. Қимыл-қозғалысты саналы қайталау процесінде дифференциалды тежеліс бірте-бірте дамиды, екінші сигналдық системаның рөлі артады. Ми қыртысында қозудың иррадиациялануы бірте-бірте олардың барған сайын шоғырлануымен алмасады. Қозу тәрбиеші нығайта түскен қоздырғыш сипатына сәйкес болатын жүйке клеткаларына қарай ұмтылады. Сонымен бірге тәрбиешінің тежеу қоздырғышы сипаты бар нұсқаулары арқасында балаға кедергі болатын қимыл-қозғалыстардың бәрі бірте-бірте тежеледі, саптан шығып қалады. Нақты көрсетуге сай келетін немесе тәрбиеші сөзімен бекемдене түсетін қимыл-қозғалыстар ғана орнығып қалады. Қимыл-қозғалыстар дифференциялы тежелістің барған сайын дамуы күшімен бірте-бірте реттеліп, нақтыланады. «Бұдан кейінгі дифференциалану кезінде рефлекстің мамандандырылуы басталады. Дифференциалану етек алған сайын ішкі тежеліс бекемденетін байланыстардың бәрін тежей отырып, ми қыртысындағы ошақтарды неғұрлым шектей түседі».
Достарыңызбен бөлісу: |