Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл
шайналған асты қозғалтып, сілекеймен
араластырады да, жұтқыншаққа қарай
жылжытады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың
алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға
бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады.
Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5
жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп,
орнына тұрақты тістері шыға бастайды.
Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең
соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей
адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің
өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және
тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының
кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар
муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек
адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей
бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері
астың құрамындағы заттарға
байланысты.Одан кейін өңеш.
Өңештегі ас қоймалжыңы
қарынға барып жеткеннен кейін
қарындағы астың қорытылуы
басталады. Бұл жерде ас
қоймалжыңына қарын сөлі әсер
етеді. Қарын сөл і н і ң құрамында
0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы,
органикалық заттар мен хлордың,
фосфордың натрийдің және
күкірттің тұздары болады. Қарын
сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 %
органикалық заттар, қалғандары —
тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН
реакциясы – қышқыл болады.
Қарын сөлінің реакциясы
тамақтың түріне байланысты,
мысалы, ет жегенде сөлдің
қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-
0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.
Жаңа туған сәбидің қарыны құрсақ қуысында көлденеңдеу орналасқан. Ересек адамда ол
тік орналасқан. Қарынның пішіні де жасына байланысты әр түрлі: 1,5 жасқа дейін
дөңгелек, 2-3 жаста алмүрт іспетті, 7 жаста ересек адамның қарынындай болады.
Баланың жасына сай оның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған сәбиде 30-35 мл, 1 жаста
он есе өседі, 10-12 жаста – 1,5 л. Ересек адамда -1,5-2 л. Бала туғаннан кейін оның
қарынының ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті өзгереді. Сәбилердің қарынының ет
қабаты әлсіз, без клеткалары нашар дамыған және аз болады. Қарын сөліндегі
ферменттердің белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және
12-14 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының мөлшері
көбейеді. Балалардың қарын сөліндегі тұз қышқылының концетрациясы аз болғандықтан
қарын сөлінің бактерицидтік қабілеті 6-7 жасқа дейін нашар болады да, ішек-қарын
инфекцияларына қарсы күрес нашарлайды. Баланың осіп, дамуына байланысты қарын
сөлінің мөлшері көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі артып, жоғарғы сынып
оқушыларында ересектердегідей болады. Айта кететін жағдай, 10 жасқа дейін
балалардың қарын қабырғасында сіңу ересектерден қарқынды болады. Ал ересек
адамдарда сіңу, негізінен, ащы ішекте ғана болады дей аламыз.
|