1. Ас қорыту ағзалары жайлы түсінік


 елі ішектегі астың қорытылуы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата08.09.2023
өлшемі3.67 Mb.
#476882
1   2   3   4   5
945A18CF-E7F3-49F7-9EA8-883A27312523

12 елі ішектегі астың қорытылуы.
Лайықты мөлшерде қорытылған ас
қоймалжыңы қарынның ет қабатының
және арнайы қарын сфинктерінің босап
ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің
алғашқы бөлімі он екі елі ішекке
жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту
жолының аса маңызды бөлігі. Оның ұзын
дығы 25-30 см. Мұнда екі үлкен бездерден
сөл құйылып, асты қорытуға қатысады.
Олар бауырдың өті мен ұйқы безінің сөлі.
Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері
де ішек сөлін өндіреді. Ішек сөлінде
белоктарға, майға және көмірсуға әсер
ететін барлық ферменттер бар. Бауырдың
өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни
өте ұсақ май тамшыларына айналдырады.
Бұл май бөлшектерінің ферменттермен
жанасу ауданын көбейтеді де қорытылуын
тездетеді. Өттің, ұйқы безі мен ішек
бездерінің сөлдерінің әсерінен белок, май,
углеводтар организмге сіңетіндей түрге
ыдырайды. 




Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек
адамда шамамен 3 м, Асты қорытатын ферменттер ащы және
мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн
бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа,
аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит
тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза
тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза
ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана әсер
етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Ұйқы безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды.
Мұның көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста,
ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет