1. Аса қауіпті зооантроноздарды атаңыздар, адамның олармен жұғу жолдары



бет2/2
Дата03.01.2022
өлшемі85.84 Kb.
#450168
1   2
індеттану

Тапсырма -2.

1.Жұқпалы ауруларды диагностикалаудың негізгі түрлерін меңгеру.

1. Инфекциялық ауруларды клиникалық балау тәсілі.

1.1. Тіркеу мәлметтерін нақтылағаннан кейін ветеринариялық дәрігер

анамнездік деректерді біріктіріп, індеттік жағдайды анықтауға назар

аударады. Ол үшін, шаруашылықтың және оның маңайындағы жайылым

және шабындық алқабтарының орналасуын, сумен қамтамасыздандыру,

малдың күтімі және қоражайларының жағдайын, жануарлар қашан және

қандай вакциналармен егілді, аллергиялық және серологиялық зерттеулерден

өтті және олардың нәтижелері қандай болғанын анықтау керек.

1.2. Анамнездік деректерді жинағаннан кейін ветеринариялық дәрігер

малды клиникалық зерттеуге кіріседі. Зерттеу барысында жануардың сыртқы

көрнісіне, тері жамылғысының, тері асты шелінің жағдайына назар аударып,

беткейлі орналасқан лимфа түйіндерін, көзге көрінетін кілегеі қабықтарын

қарап, малдың температурасын өлшейді. Кейіннен тыныс алу жүйесін,

жүрек-қантамыр жүйесін, асқорыту жүйесін және т.б. зерттеуге кіріседі.

Сонымен қатар зерттеу барысында аурудың инкубациялық кезеңін, ағымын

және өту түрін ескеру қажет. Барлық жиналған мәлметтерді ауру тарихына

енгізу қажет.

2. Инфекциялық аурумен ауырған жануардан зертханалық зерттеулер

үшін патологиялық материалды алу тәртібі.

2.1. Несеп сынамасын алу. Жануарлардан, несепті микробиологиялық

зерттеулер үшін, малдың өз еркімен несеп бөлуі кезінде жинайды, ал

бактериологиялық зерттеулерге несеп сынамасын катетр арқылы алады.

2.2. Нәжіс сынамасын алу. Нәжісті жануардың нәжіс шығаруы кезінде

немесе ағаш таяқшаға бекітілген мақта тампонының көмегімен тік ішектен

алады. Тік ішектің қалыңдауы немесе қабырғасының кілегеймен жамылуы

және басқада патологиялық өзгерістер байқалған жағдайда, шыны түтікшенің

көмегімен тік ішектің кілегей қабығынан қырынды алынады.

2.3. Танаудан бөлінген секреттерді алу. Алдын ала танау қалқандарын

және танау қуысының кіреберісін сумен жуып шайып сынаманы стерилді

тампонмен алады. Танаудан бөлінген бөлінділерді ағаш таяқшаға бекітілген

мақта тампонының көмегімен алып сынамасы бар тампонды 0,5 мл, 0,85%-ды

натрий хлориды бар стерилді пробиркаға салады.

2.4. Ауыз қуысынан және жұтқыншақ-көмейден сынама алу.

Сілекейді ұзын таяқшаға бекітілегн стерилді тампонның көмегімен

жинайды. Тампоны бар таяқшаны малдың жағымен ұртының арасына енгізіп

тампонды ылғалдандырады, кейіннен тампонды таяқшадан алып стерилді

банкаға салады.

2.5. Жоғарғы тыныс жолынан қақырықты алу үшін ауызы мен танау

қуысын стерилді дәкемен жабады. Сосын кеңірдек тұсын саусақпен қысу

арқылы рефлекторлық жөтел тудырып, жөтелу барысында бөлінген

материалды жинайды.

2.6. Бурсалар, абцестер, ойық жаралар және жаралар іншіндегісінен

сынама алу. Зақымданған аймақтың жүнін қырқып, терісін 70%-ды спиртпен

немесе йод тұнбасымен залалсыздандырады. Содан кейін диаметрі үлкен

инесі бар стерилді шприцпен зақымданған жерге пункция жасап, ішіндегісін

сорып алып тығыны бар стерилды пробиркаға құяды. Егер абцесті жаратын

болса, онда ағып жатқан эксудатты жинайды. Ойық жаралардан және басқада

жаралардан патологиялық материалды зақымданған және сау ұлпаның

шекарасынан қырынды алу арқылы алады.

2.7. Қынаптан сынама алу. Аналық малдың сарпайын сабынды сумен

жуып, 0,1%-ды калий перманганаты ерітіндісімен ылғалдандырылған

тампонмен сүртеді. Қынапқа стерилді қынап айнасын енгізіп стерилді

тампонмен қанаптан бөлінген бөлінділер мен кілегейді алады.

2.8. Сүт сынамасын алу. Алдын ала желінді жылы сумен жуып, үрпілерін

70%-ды этил спиртімен өңдейді. Сауу барысында сүттің бірінші бөлігін алып

тастайды, ал кейіннен стерилді ыдысқа, бір сауынның басында және соңында

25 мл көлемінде (жалпы 50 мл), сауып алады. Сүт сынамаларын алғанда,

желіннің әр бөлігінен сынаманы жеке стерилді ыдысқа алады.

2.9. Конъюнктива шайындысын алу. Көздің кілегей қабығының

шайындысын, малдың жүніне бекітілген және стерилді физиологиялық

ерітіндімен немесе Хенкс ерітіндісімен толтырылған эластикалық

түтіктердің көмегімен алады. Шаю барысында аққан сұйықтықты ыдысқа

(кювета немесе Петри шынысы) жинап алады. Конъюнктивадан жұғынды алу

үшін қабақ астына физиологиялық ерітіндімен ылғалдандырылған стерилді

мақта тампонын енгізеді. Тампонмен кілегей қабықты жақсылап сүртіп,

сынаманы антибиотик қосылған (1 мл ортада әр қайсы 50 ӘБ пенициллин мен

стрептомицин және 20 ӘБ нистатин) 3-5 мл физиологиялық ерітіндісі бар

пробиркаға салады.

2.10. Күпек кілегейін алу. Тері мен күпек қалтасының кіреберісін

сабынды жылы сумен жуып, таза тампонмен немесе дәкемен сүртеді. Содан

кейін Павловский аспабының көмегімен кілегей сынамасын алады.

Сынамасы бар тампондарды стерилды физиологиялық ерітінді құйылған

пробиркаға салады.

2.11. Аталық малдардан сперманы жасанды қынап көмегімен алады.

Зертханаға жіберілетін әр материалға, қабылданған формаларға сәйкес,

жолдама құжат толтырылады.

3. Патологиялық материалды алу және консервілеу.

3.1.Патологиялық материалды стерилді құралмен стерилді ыдысқа алу

керек.

3.2.Патологиялық материалды зертханаға консервіленген және



консервіленбеген түрде жібереді. Бактериологиялық зерттеу үшін материалды

30% глицериннің судағы ерітіндісімен, ал вирусологиялық зерттеулерге 0,85%

натрий хлориды ерітіндісінде 1:4 қатынасында ерітілген 50% глицеринмен

консервілейді.

3.3. Жілікті сүйектерді бұлшық еттерден және тарамыстан тазартып 5%-

дық карбол қышқылы ерітіндісімен ылғалданған дәкеге орайды.

3.4. Ішектерді нәжіс массаларынан босатып, шеттерін буып 30%

гицериннің судағы ерітіндісі құйылған ыдысқа салады.

3.5. Жануар өлексесінің нәжісін, екі шеті буылған, жарылмаған ішек

кесіндісімен бірге жібереді.

3.6. Тері сынамаларын ең зақымдалған жерлерден 10x10 см көлеміндегі

кесінділер ретінде алып, стерилді, герметикалық жабылатын ыдысқа салады.

3.7. Қан, ірің, кілегей, экссудат, несеп, өт және басқа да патологиялық

материалдарды, ішеттері қыздырылып жабылған пастер түтіктерінде, стерилді

резенке тығындармен жабылған стерилді пробиркаларда немесе флакондарда

жібереді.

3.8. Жануар өлексесінен, қан жағындыларын дайындау үшін, қан

сынамаларын шеткері орналасқан қан тамырларынан алып жағындыны ауада

кептіреді (бекітпейді).

3.9. Зақымданған ағзалардан таңба ретінде жағынды дайындап, кептіреді

және спирт-ректификатпен немесе 1:1 қатынасындағы спиртпен эфирдің

қоспасымен бекітеді.

4. Патогистологиялық зертеулер үшін патологиялық материалды алу.

4.1. Патологиялық өзгеріске ұшыраған ағзалардың (ұлпалардың) әр

жерлерінен көлемі 2x2 см кесінділерді кесіп алады. Зақымдалған телімдермен

бірге онымен шекаралас орналасқан сау ұлпаларды да кесіп алады.

Патологиялық материалды: 1:10 қатынасында, 10%-ды формалинның

судағы ерітіндісінен тұратын бекіткіш сұйықтыққа салып қояды.

. Патологиялық материалды орау және жөнелту.

5.І.Патологиялық материалды5%-дық карбол қышқылы ерітіндісімен

ылғалданған қапқа (дәкеге) орап, ішіне ағаш ұнтағы салынған ағаш жәшікке

салады.


5.2. Ағза бөліктерін, сұйықтықты тығыз жабылатын шыны (резенке)

тығыны бар шыны ыдысқа герметикалық жауып салады. Сонымен қатар

пластмас контейнерлерін қолдануға болады.

5.3. Жілікті сүйектерді 5%-дық карбол қышқылы ерітіндісімен

ылғалданған дәкеге орап, герметикалық жабылатын ыдысқа салады.

5.4. Ішінде сұйық патологиялық материалы бар, ішеттері қыздырылып

жабылған түтікті, мақтамен орап пробиркаға салады да оны тығынмен

жабады. Ал пробиркаларды металдан немесе пластмассадан жасалған

контейнермен жөнелтеді.

5.5. Жағындылары бар зат шыныларын қос қостан(жағындыларын ішіне

қаратып, араларына сірінке шиінің кесінділерін салып отырады) жинайды.

Содан кейін оларды пергамент қағазымен орап, жіппен тамып, жіптің

шеттерін сургучпен бекітеді.

5.6. Патологиялық материалы бар жәшікке материалдың тізімі салынып,

жәшіктің бетіне зертхананың және жөнелтушінің мекен-жайы, сонымен

қатар: «шыны», «үсті», «абайлаңыз» деген ескертулер жазылады.

2. Індеттік зерттеудің сызбанұсқасын құрастыру.

Iндеттанулық зерттеу – эпизоотияға қарсы іс-шаралардың кешендік iндеттанулық балау әдісінің бірі. Оның мақсаттары:

- iндет ошақтардың пайда болу себептерін зерттеу;

- белгілі бір шаруашылықта, белгілі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтау;

- балау, болжамды нақтылау;

-iндет қоздырушысының көзін немесе кіру жолын, оның берілу механизiмін анықтау;

- қолайсыз жерлерде, қауіпті аумақтағы эпизоотологиялық ошақтың шегін анықтау;

- пайда болған аурудың жайылуын тоқтату және жою шараларын ұйымдастыру;

- iндетке қарсы іс-шаралар жүйесінің кемшіліктерін болдырмау.

Iндеттанулық зерттеулерді жүйелі түрде, белгілі бір мерзімде, ал ауруға күдікті кезде – жылдам өткізеді.

Iндеттанулық зерттеу жоспарына мыналар жатады: шаруашылықтың ветеринарлық-санитарлық жағдайымен танысу, өткенде және болашақта оның iндеттанулық жағдайларын анықтау, жануарлардың өлуі мен ауруының себептерінің анализі, эпизоотологияға қарсы шаралар жүйесі.

Ветеринарлық-санитарлық зерттеу, шаруашылықтың жалпы мінезде-месінен басталады: шаруашылықтың мамандануы және экономикалық көрсеткіштері, бір күнде тексерілетін, жас және түр топтарына қарай жануарлардың саны, шаруашылықты малмен кешендіру жағдайы, соңғы жыл бойында мал басының өсу динамикасы, жұмыс істейтін қызметкерлердің және зооветеринариялық мамандардың саны, азықтандыру базасының беріктігі (азықпен қамтылған, олардың түрлері, сапасы, түсі көзі), рацион және азықтандыру мерзімі, жайылымдардың, суару жерінің, жазғы лагерлерінің бар-жоқтығы және олардың күйі, жеке секторларда түр бойынша жануарлардың саны, берілген пунктің басқа шаруашылықтарымен байланысы.

Ветеринариялық-санитариялық пунктердің күйін мінездемей отыра, жануарлар күтімінің зоогигиеналық жағдайларына көңіл аударады: орынның жабдықталуы, олардың санитарлық жағдайы, сонымен қатар ферма территориясы (соның ішінде оның қоршалғаны мен жасылдандыруы), сан өткізгіштердің, тұрмыстық бөлмелердің, ветеринарлық объектілердің, изоляторлардың, карантинді мекемелер мен профилакторилердің, мал соятын жерлердің болуы, қызметкерлерді арнайы киімдер мен аяқ киімдермен, дезинфекциялайтын заттармен қамтамасыз ету.

Пунктің эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшін, эпизоотологияға қарсы шаралардың жоспарын білу қажет, туғаннан өлгенге дейін ветеринариялық байқаудың тәртібі мен жүйесін және жануарларды домдау, жалпы және спецификалық ауасын, дезинфекция, дератизация, дезинсекция сызбасын, диагностикалық жұмыстың күйін (балаудың iндеттiк, клиникалық, паталого-анатомиялық және зертханалық әдістерді тәжірибелік қолдану), балаудың дәлдігін (кім және қандай балау қойғанын анықтап) зерттейді. Өлген жануардың санын және өлудің себептері туралы ақпараттарды талқылау керек. Зертханалық сараптамалармен, домдау актілерімен бүкіл дауа әрекеттері тіркелген ветеринариялық журналдармен танысу қажет. Шаруашылықта тіркелген, нақты балау қойылмаған малдардың ауруына назар аудару керек.

Iндеттанулық зерттеудің нәтижелерін эпизоотиялық ошақта және iндеттен сау емес жерде сияқты келесі кесте бойынша арнайы акт түрінде толтырылады.

Акт толтыру мерзімі; шаруашылықтың аты және оның мекен-жайы; кім, қандай уақытта және қандай мақсатпен шаруашылықты зерттеді; шаруашылықтың географиялық жағдайы, топографиялық ерекшеліктері мен жалпы мінездемесі.

Ағзаның жалпы резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар.

Жануарларды өсіру және қолдану технологиясы, шаруашылықта изоляторлардың, карантинді жерлердің болуы; өлекселерді жою тәртібі.

Дауалау шараларының жүйесі (шаруашылыққа қайта түскен жануарларды алдын-алу карантиннің ережелерін сақтау, алдын-алу карантиннің түрі және мерзімі, иммундеу және қолданылатын вакцинаның кестесi, егудiң қойылуын дәлелдейтін акт, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық шаралар).

Шаруашылықтың iндеттiк аурулардан сау болуы, олармен экономикалық және шаруашылық байланыстың болуы.

Пайда болған аурудың толық эпизоотологиялық, клиникалық, паталогоанатомиялық мінездемесі, оның ажыратып балауы. Ауруға шалдығу динамикасы; кім және қандай әдіспен балау қойды, бұл ауру осы жерде бұрын байқалды ма: індеттің кезеңдiлiгiн көрсететін белгілердің болу-болмауы; індет пайда болғаннан бастап, індетке қарсы шаралардың қолданылуы туралы мәлiметтер.

Iндет қоздырушысының жорамалданатын көзі (өршу себептері, iндеттiң шығуы, таралуының жолдары, оның таралуына қолайлы жағдай жасайтын, шаралары туралы өзінің қорытындысын беру).

Індеттің өтуiнiң ауырлығы: ауруға шалдыққыштық, өлімге ұшырау, өлім көрсеткіші.

Эпизоотия (iндеттiң, жұқпалы аурудың кеңiнен таралуы) динамикасы (бөлек қоралардың, фермалардың және т.б. жерлерде індеттің өршуі көрсетілген шаруашылықтың жоспарын беру) індетке қарсы шаралардың нәтижесі.



Қорытындыда инфекция қоздырушысының көзі және оның таралу жолдары көрсетілген нақты диагноз; жүргізілген емдеу және алдын алу шаралар нәтижесінің бағасы болу керек.

Ұсыныстарды толықтыруларда берілген шараларға қоса не берілген індетке қолданылатын емделу шараларының жаңа жоспарын құрастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет