Алюминий– екідайлы элемент. Ол сұйылтылған қышқылдармен және сілтілермен
жақсы әрекетеседі: Концентрациялы, суық азот және күкірт қышқылдарымен
әрекеттеспейді, пассивтенеді. Бұл жағдай осы қышқылдарды алюминийден жасалған
ыдыстарда тасымалдауға қолданылады. Алюминий белсенді металл болғандықтан,
көптеген металдарды олардың оксидтерінен тотықсыздандырады:
Металл оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру АЛЮМОТЕРМИЯ деп аталады.
Маңызды қосылыстары. Al₂O₃- қиын балқитын, ақ түсті зат. Табиғатта корунд деген
атпен кездеседі. Алюминий оксиді суда ерімейді, екідайлы қасиеткөрсетеді:
Алюминий гидроксидінің түр өзгерісі екі түрлі болуы мүмкін: кристалдық және
аморфтық. Алюминий гидроксидін алюминий түздары ерітінділеріне сілтімен әсер ету
арқылы алады: Жаңа тұнған Al(OH) 3 ақ қоймалжың тұнба, суда мүлдем ерімейді және
типтік екідайлы гидроксид болып табылады:
Қолданылуы. Алюминий техникада және тұрмыста кең қолданылады. Жеңіл және
бағалы қасиеттері бар құймалар алынатындықтан, оның авиациялық өнеркәсіпте,
автокөлікте, электротехникада электр сымдарын жасау үшін, сонымен қатар жарылғыш
заттарды алуда, химиялық аппаратураларды дайындауда, ғимараттарды салуда,
жиһаздарды, ыдыстарды және т. б. жасауда маңызы зор. Таза металл түрінде
алюминийді химиялық аппаратураларда электр сымдарын дайындауда пайдаланады.
Алюминий жұқа фольга конденсаторлар жасау үшін қолданылады, кабель қаңылтыр
және
айна
өндірісінде
пайдаланады.
Алюминийдің қолданылатын маңызды аймағы – оның негізіндегі жеңіл құймалар
өндірісі. Металдық алюминийді мыс, магний, титан, никель, мырыш, темір негізінде
құймаларды легирлейтін қоспа ретінде кең қолданады. Құймалардың жемірілуге
тұрақтылығы төмен. Кең таралған құймлар силумин – алюминийдің кремниймен
құймасы, дуралюмин – құрамына алюминиймен бірге магний, темір, мыс және марганец
кіреді, магналий – алюминийдің магниймен құймасы. Бұл құймалардың барлығы жеңіл
және берік.