70.Екінші курс студенті қалшылдау, дене температурасының 40С жоғарлауы, қатты басының ауруы, лоқсу, жеңілдік əкелмейтін құсық шағымдары
бойыша колледждің жатаханасына медбикені шақырды.Анамнезінде 2 күн бұрын ауырған. Қарағанда:науқас тежелген, басы артқа
шалқайған,аяқтарын тізеде бүгіп,ішіне қарай жинап алған. Мойын-шүйде бұлшық еттері қатайған.Студентте болған жағдайды анықтаңыз жəне медбикенің іс-əрекеті:
A) менингококкты назофарингит, ұжымнан оқшауламау
B) менингококкты назофарингит, науқасты оқшаулау, дəрігер
шақыру
C) менингококкемия, науқасты оқшаулау, бригада шақыру
D) менингококкты менингит, науқасты оқшаулау, жедел көмек
бригадасын шақыру, №058 үлгісін толтыру*
E) менингококкты менингит, науқасты оқшаулау, жедел көмек
шақыру
71.Науқас инсульт алғаннан кейін, басқалардың сөзін
түсіну қабілетін жоғалтты. Науқас көп сөйлейді, сөзінде
көп мөлшерде ауызша парафазия. Науқастағы
бұзылыстың түрі:
A) дизартрия
B) амнестиялық афазия
C) моторлық афазия
D) семансиялық афазия
E) сенсорлық афазия*
72.Өнеркəсіптік кəсіпорынның медициналық пунктіне
бетінің асимметриясына, көздің жасаурауы, қабақтың
жабылмауы, қасын жоғары көтере алмауына қатысты
шағымдармен əйел қаралды. Нервтің қайсысының
зақымдалуы:
A) көру нерв
B) бет нерв*
C) үштік нерв
D) иіс сезу нерв
E) көз қозғалтқыш нерв
73.Көп профильді стационардың қабылдау бөлімінде 15
жастағы жасөспірімде құрысу басталып, тілін тістеп, еріксіз зəр жіберді. 5-10 минут аралық сайын құрысу бірінен соң бірі
қайталанып, науқас есін жимады. Жағдайын анықтаңыз:
A) эпилепсия ұстамасы
B) эпилепсиялық статус*
C) вазодепрессорлы синкоп
D) каротидты синус синдромы
E) вегетативті криз
Достарыңызбен бөлісу: |