1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Шаруашылықаралық жерге орналастыру жұмыстарындағы



Pdf көрінісі
бет112/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.2. Шаруашылықаралық жерге орналастыру жұмыстарындағы
дайындық жұмыстары.
Жалпы алғанда дайындығы жұмыстар камералдық дайындау мен
далалық
зерттеуден
тұрады. Камералдық
жерге
орналастырулық
дайындалудың мақсаты жан-жақты негізделген жобаның жасалуын
қамтамасыз ету. Бұл жұмыс жерге орналастыру процесіне қатысушыларды
анықтаумен олардың тізімін жасаудан басталады. Содан кейін мынандай
материалдар мен құжатар жиналып зерттеледі:
жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, каулылар;
жерге орналастыру процесінде қатысатын шаруашылықтар мен
кәсіпорындардың мақсат-міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі
мағлұматтар;
аудандық және облыстық жерге орналстыру схемалары;


144
жерді пайдалануға құқық беретін кұжаттар;
жерді есепке алу және бағалау женіндегі қадастрлық мәліметтер;
жер иеленушөліктер мен жер пайдаланушылықтардың қолайлы
масштабтағы жеке және жалпы пландары;
бұрынғы жүргізілген жерге орналастыру материалдары;
топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы және басқалары
жөніндегі зерттеу-іздестіру материалдары;
мелиорация, суандыру жене сол теріздес жобалар;
жерге орналастыруға тартылған кесіпорындардың өндірістің
нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;
шаруашылық орталықтар, соларда тұратын жұрт және өндірістік
құрылыстар тұралы мағлұматтар.
Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет-мақстатарына
қарай ізгеріп отыруы мүмкін.
Камералдық дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық зерттеу
жұмыстарының көлемі белгіленеді. Олардың макеты жетіспейтін
материалдардың орнын толықтыру. Зерттеу
жұмыстарын
жерге
орналастыру женіндегі жобалау институттарының мамандары мен
шаруашылық өкілдері жүргізеді. Керекті жағдайларда бұған басқа да
мамандар қатысуы мүмкін.
Далалық зерттеу арқылы жиналған материалдардың натураға
сәйкестігі айкындалады. Бұнда да жұмыстардың көлемі мен тізімі жобаның
алдына қойылған мақсат-міндеттеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет