5.10.Объект бойынша малазықтық егістікті ұйымдастыру
Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.
Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан кібіне астық,
техникалық өсімдіктер немесе азық-түлік індіруге керекті дақылдар егілетін
түрін айтады.
Мал азықтық ауыспалы егістің жерінің жартысынан артығына малға
азық боларлық дақылдар егіледі.
Арнайы ауыспалы егіске көбінесе арнайы агротехника қолданылатын
дақылдар және топырақты су мен желдің әсерінен қорғау әсерін тигізетін
өсімдіктер егіледі.
Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы ізінің
құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әрбір өндірістік бригадаға бір, кейде екі ауыспалы егіс бекітіп беріледі.
Бригаданың құрамындағы звеноларға белгілі бір немесе бірнеше дақылдарды
өсіру тапсырылуы мџмкін.
Нарықтық экономикаға кішуге байланысты жаңадан құрылып, жұмыс
істеп жатқан шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы кооперативтері және
шағын кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір
дақылдарын өсіруге бейімделуіне болады. Егер бұл мүмкін болмаған
жағдайда, егін шаруашылығымен шұғылданған шағын кәсіпорындар
ауыспалы егістің ұсақ түрлерін қолдана алады.
Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына
байланысты келесі түрлері болады: ферма және лагерь қасындағы және
шабындықты- жайылымды. Біріншісін мал фермалары мен жаздық
лагерлердің тіңірегінде орналасады. Онда негізінен шырынды азық беретін
және тасымалдауға қолайсыз дақылдар егіледі. Екіншісін шабындық пен
жайылымдардың негізінде және оларды ұтымды пайдалану мақсатында
ұйымдастырады. Арнайы ауыспалы егістер іздеріне тән агротехникалық
шараларды қажет ететін кікініс, күріш, темекі сияқты дақылдарды өсіруге
арналады. Оның ерекше түріне топыраққа тиетін су мен желдің зиянды
әсеріне қарсы қолданатын ауыспалы егістер жатады. Осы мақсатта
топырақты көп араластыра беруді қажет етпейтін астық пен мал азықтық
дақылдар түрлері егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |