1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Спутниктік және дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді бірге пайдалану



Pdf көрінісі
бет157/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

2.2. Спутниктік және дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді бірге пайдалану
негізінде тірек кеңістіктік геодезиялық желілерді құрастыру
технологиясы.
Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
геодезиялық
тірек
тораптарын дамытудағы негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта аса тиімді геодезиялық деректермен қамтамасыз ету
жүйесін құру қажеттілігі ғаламдық навигациялық жүйелерді қолдану
негізінде координат анықтауда өте тиімді заманауй жер серіктерімен анықтау
әдістерінің (GPS, ГЛОНАСС және GALILEO) дамуында болып отыр, дәлірек
айтқанда, өлшеу дәлдіктері жоғарылап, геодезиялық өлшеу технологиялары
түбегейлі өзгеріске ұшырауда. МГТ пунктар координаттарының жоғарғы
дәлдігі және біртектігі, GPS/ ГЛОНАСС және GALILEO өлшеу жүйе
әдістерімен геодезиялық қамтамасыз етуде барлық геодезиялық тірек
тораптарында қолдануға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта барлық әлемде
және біздің елде цифрлық карта жасау саласы қарқынды дамуда. Заманауй
жоғарғы дәлдікті пландық негізді пайдалану, тек қана цифрлық
топографиялық картаның сапасын және дәлдігін жоғырлатып қоймай,
цифрлық картаны кез-келген координат жүйесінде (жергілікті жерді
қосқанда) құруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі әдістермен құрылған
Мемлекеттік геодезиялық тірек тораптары заманауй жер серіктері әдісінің
барлық потенциалын толық қарқынды игере алмайды.
Жер серіктері технологиясының әдістерін енгізу және жоғарғы дәлдікті
геодезиялық координаттар жүйесін дамыту үшін жоғарғы кластағы арнайы
жерсеріктік геодезиялық координаттар жүйесін, яғни фундаментальды
астрономиялықгеодезиялық тораптар (ФАГТ) және жоғарғы дәлдікті
геодезиялық тораптар (ЖДГТ) құру қажет. Жерсеріктік геодезиялық
тораптар нәтижелерін геодезиялық қатмтамасыз ету жүйесінде тиімді
пайдалану үшін ФАГТ және ЖДГТ әрбір пункты өзара дәл GPS - өлшеумен
байланысқан бес пункт жиынтығынан құрылуы керек. 105 Басты пункт –
GPS - өлшеулеріне арналған жұмыс центрі, ол қолайлы жағдайда бақылау
арналған қол жететін жерлерде орналасады. Ол дәл GPS - өлшеулері мен екі
жақын орналасқан басты негіздегі нивелирлік пунктермен байланысқан.
Сонымен қатар жұмыс центрі және нивелирлік пунктер жерсеріктік
өлшеулер екі көршілес жатқан МГТ пунктімен тікелей байланыста болып


213
тұрады. Дәстүрлі геодезиялық тораптармен байланыс 1 кластыжерсеріктік
геодезиялық тораптарды (ЖГТ-1) дамыту үшін де қолданылады.
Жоғарғы класты жерсеріктік геодезиялық тораптар пунктінің ФАГТ,
ЖДГТ
және
ЖГТ-1
пунктерімен
байланысы
теңестіру
немесе
трансформациялау жолымен 1 - 4 класты Мемлекеттік геодезиялық
тораптарының дәлдігін растайды, ең бастысы МГТ-ның барлық пунктер
координаталарын бір геоцентрлік координат жүйесінде анықтайды. Айталық,
МГТ барлық пунктерінің жиынтығы екі координаттар: мемлекеттік
референцтік және жалпы жердегі геоцентрлік жүйесін іске асырады. GPS -
өлшеулерін кеңінен қолдану жағдайында геодезиялық қамтамасыз ету
жүйесін тиімді дамытуды кешенді шешу кезінде, тек қана жалпы жердегі
геоцентрлік координаттар жүйесін құруды қарастырмай, жерсеріктік,
гравиметриялық және нивелирлік деректерді бірге қолдану негізінде бір
нормальды биіктіктер жүйесінде қарастырған жөн. Геодезиялық тірек
тораптарының жоғарғы тізбесі - ФАГТ, ЖДГТ және ЖГТ-1 пунктерінің
жиынтығын жоғарғы дәлдіктегі координаттар жүйесінде құру, оларды
ғаламдық геодинамика процестерінсіз зерттеу мүмкін емес. Қазіргі таңда
геодинамика (IGS) мақсатында халықаралық тұрақты ЖЖС-нің бақылау
пунктерінің тораптары құрылған. Бір координат және биіктік жүйесіндегі
жаңа геодезиялық тораптар жүйесінің құру принципі 21-суретте келтірілген.
Сурет 27 - Жерсеріктік геодезиялық тораптар жүйесін құру принциптері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет