сұлба (арбис) деп атайды.
Жер бетінің әрқилы физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін
геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған
ортаның зиянды әсерін жою немесе әлсірету өлшеу жұмыстары кезінде
пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін
дұрыс таңдауға тікелей байланысты.
Есептеу
процесі
өлшеу
нәтижелерін
бір
жүйеге
келтіріп,
математикалық өндеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге
225
келтіруден тұрады. Есептеулерді жеңілдетіп, қажет нәтижелерді тез табуға
және есептеулердің дұрыстығына көз жеткізу үшін, барлық есептеулер
белгілі бір схемалар (ведомостер) бойынша жүргізіледі. Геодезиялық
өлшеулердің әртүріне лайықты арнайы есептеу схемалары таңдалынып
алынады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әртүрлі қосымша қүрал-
жабдықтар: кестелер, графиктер, электрондық есептеу машиналары, т.б.
қолданылады.
3.5. Базалық станцияны ашу.
GPS желісі және базалық станциялар GPS желісі және базалық
станциялар әртүрлі салаларда қолданылады. Станциялар немесе желілер бір
нақты міндетті шешу және пайдаланушылардың бір тобы үшін орнатылуы
әрі үйлестірілуі мүмкін немесе олар көптеген міндеттерді (мәселе) шешуді
қолдану және пайдаланушылардың алуан түрлі көптеген топтары үшін
жасалуы мүмкін.
Бір базалық станция үлкен емес аумақ үшін өте оңды, көптеген
станциялардан тұратын көп мақсатты желі ірі өңір үшін едәуір қолайлы
келеді. Бір немесе бірнеше үнемі әрекеттегі базалық стан -циялар түсірісте
немесе ұзақ уақыт бойы бір аумақта мониторинг жүргізуде қажет.
GPS-қабылдауыш базалық станцияда үнемі жұмыс істейді. Кодтық
немесе фазалық өлшеулердің өңделмеген деректері белгілі бір ұзақтықтағы
файлға жазылады. Қолданбалы міндет типіне бай -ланысты файл ұзақтығы
бірнеше минуттан сағатқа немесе тұтас тәулікке дейін кез келген талап
етілетін мәнмен берілуі мүмкін. Базалық станцияның бағдарламамен
қамтамасыз етілуі қабылдауышпен басқарылып және деректер файлын
жүйелі уақыт аралығы арқылы жүктеп компьютерде жұмыс істейді (оны
сервер деп атайды). Егер қажет болса, өңделмеген деректер қабылдауыштан
серверге үнемі, секунд сайын берілуі мүмкін. Сервердің бағдарламалық
жасауы деректердің RINEX (Receiver INdependent EXchange format-
қабылдауыштың тәуелсіз алмастыру форматы) форматына конверсиялайды
(айырбастайды) және RINEX форматында сығылған форматын жасайды.
RINEX-файлдары FTP-серверге интернет арқылы GPS пайдаланушыларына
қарапайым қатынауды қамтамасыз ету үшін беріледі.
Сонымен қатар файлдарды сақтау үшін мұрағатталады. Негізгі
станциялардың
бағдарламалық
жасағы
бар
сервер
көптеген
қабылдауыштардан тұратын станциялардың тұтас желісін немесе жеке бір
базалық станцияны басқара алады. Бір станция жағдайында компьютер
қабылдауышқа көбінесе тікелей қосылады. Көптеген станциялар жағдайында
сервер, әдетте, басқару орталығында орналасты - рылады да, телефон,
жергілікті желі, ғаламдық желі немесе интернет арқылы қабылдауышпен
коммутацияланады (әрбір қабылдауыш үшін компьютер керек емес). Бір
кезде орнатылған және үйлестірілген станциялар немесе желі толық
автоматтандырылған режимде қызмет етеді. Алайда, жүйе инспекторы оған
кіріп қабылдауышпен желіні қарап, қажет жағдайда баптауды орындап,
жүйеге өзгертулер енгізе алады.
226
Жүйе нақты уақытта орындалатын топографиялық жұмыс үшін қажетті
және ГАЖ деректерін жинау үшін қолданылатын, тез әрекет жасайтын
қабылдауыштар үшін деректер беруі керек. Базалық станцияларда
қабылдауыштар RТСМ стандартты форматында және өзінің форматтарында
(Leica, СМR, СМR+) деректерді шығара алады. Беріліс қолайлы жерде
орналасқан таратқыштар арқылы не-месе базалық станциядан тікелей жүзеге
асырылуы мүмкін. Байланыс радио арналары, жоғары жылдамдықты сымсыз
желі (GSM,GPRS,CDMA және т.б.) немесе интернет арқылы жүзеге
асырылады. Егер желі ішіндегі қандай да бір ығысуды бақылау керек болса,
белгілі бір уақыт аралығы арқылы антенна координатын автоматты түрде
есептеу мүмкіндігі бар. Жеке базалық станция немесе желінің функциялық
мүмкіндігімен күрделілігі көптеген:
Сурет 30 - Базалық санция
•
станция немесе желі қолданылатын міндет типі;
•
станция немесе желі көрсететін қызмет типі;
•
станция немесе желі пайдаланатын пайдаланушылар саны мен типі;
•
коммуникацияның едәуір тура келетін әдісі;
•
инфрақұрылымның қолжетімділігі;
•
пайдалану шығындары;
•
жүйе конфигурациясына өзгертулер енгізу мүмкіндігі;
Қолжетімді бюджет мөлшері сияқты факторларға байланысты Үнемі
жұмыс істейтін GPS базалық станцияларды орналастыру үшін орын таңдаған
кезде:
аспанды бөгетсіз шолуды қамтамасыз ету қажеттігі;
көп сәуле көзі болуы мүмкін нысандар тікелей жақындықта болмауы
керек;
кедергі көзі болуы мүмкін таратқыштар жақын маңда болмауы керек;
станцияның қолданылу мақсаты;
антенна тұрақтылығын қалай қамтамасыз ету;
коммуникация мен сенімді үздіксіз қуат көзін қалай қамтамасыз ету;
227
құрал-жабдықты сыртқы ортадан қорғауды қалай қамтамасыз ету;
құрал-жабдықтың бұзылмай сақталуын және антивандал шараларын
қалай қамтамасыз ету;
инспекция және қызмет көрсету үшін қолжетімділік сияқты факторлар
мұқият талдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |