1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Бақылау нәтижелерін өңдеу және арнайы бағдарламаларды қолдана



Pdf көрінісі
бет169/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

3.9. Бақылау нәтижелерін өңдеу және арнайы бағдарламаларды қолдана
отырып, пункттердің координаттарын анықтау.
Жұмыс режиміне кіру дегеніміз – аппаратураны қосу және дисплей
экранында бейнеленген барлық жазылған жұмыс режимдерін, қабылдағышты
өлшеуге даярлауға қажет бастапқы деректерді енгізуді тексеру. Осы кезеңде
оператор, қосылған аккумуляторлық батареялардың зарядталу дәрежесі мен
қабылдағыштағы есте сақтау құрылғыларындағы бос жад мөлшерін
бақылайды. Сонымен қатар, ол клавиатура арқылы жоғарыда аталған
бастапқы деректерді (антеннаны орнату биіктігі, пункттің шартты атауы, т.б.
ақпарат) енгізуді жүзеге асырады.
Дисплей экранында бейнеленген ақпараттар қабылдағыштың жеке жер
серіктерінен радиосигналдардың ұсталуын, олардың мөлшерін, «сигнал/шу»
қатынасы түрінде қабылданған сигналдардың орнымен сапасын бақылауға
мүмкіндік
береді.
Қазіргі
заманғы
геодезиялық
жерсеріктік


232
қабылдағыштарды
өлшеудің
толық автоматтаттандырылған режимі
қолданылатындықтан, оператор–бақылау функцияларын ғана орындайды.
Бұл кезде ол жүйелі түрде аккумулятор батареясының заряды мен есте
сақтау құрылғысындағы бос жадының болуын бақылайды. Сонымен қатар,
қажет жағдайда сыртқы ортаның (қатты найзағай, дауыл, т.б.) аппаратураға
әсерінің алдын алу, қорғау шараларын іске асырады. Бақылау сеансын
жүргізу процесінде оператор дисплей экра- нында қабылдағыштың қандай да
бір бұзылуы туралы ескертулерді қадағалауы тиіс (мысалы, аккумулятор
батареясының отыруы). Одан бөлек, ол далалық бақылау журналында
циклдердің өту жағдайлары мен олардың ұзақтығын, геометриялық
факторлардың жол бергісіз факторларын, басқа да радиобөгеттердің
болуынан, жұмыстағы үзілістерді, т.б. белгілеуі қажет.
Өлшеу процесінің қосымша бұзылуының пайда болуы, болмауы үшін
оператор сеансты жүргізген сәтте антеннаға өте жақын болмауы тиіс.
Өйткені ол жер серігінен түскен сигналдардың экрандалуына және
шағылуына алып келеді. Егер жазу құрылғысы толық толтырылған болса,
онда бақылаушы автоматты түрде бақылауды тіркеуді тоқтатады. Басқа есте
сақтау құрылғысын қосқанда, батареяны алмастырғанда, т.б. жағдайларда
технологиялық үзілістерді алдын ала жоспарлаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет