1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына қаржылық бақылау жүргізу



Pdf көрінісі
бет17/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнына қаржылық бақылау жүргізу
схемасы
5.1 Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қоршаған сыртқы
ортасы туралы ақпарат
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 113 қаулысы, «Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп
тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30
желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы; Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «11» желтоқсандағы № 488
бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгiнiң 2017–2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»,
Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы №805 қаулысымен
бекітілген «Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің


23
бұйрықтарымен бекітілген егін және мал шаруашылығы саласын дамыту мен
қолдауға бағытталған бағдарламалар қағидалары, техникалық инспекция
қызметін жүргізу қағидалары, ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік
қызмет көрсету стандарттары.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
АӨК субъектілері үшін жеңілдікті салық салуды енгізу, субсидиялар беру,
көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген кредит
берумен қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау;
Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілерінің шығыстарының
бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау;
Ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуға, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы
техникасының
лизингі
бойынша
кредиттер
және
технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау.
АӨК индустриялық дамуын ынталандыру бойынша мемлекеттік
саясатты іске асыруды жүзеге асыратын ұйым "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы
холдингі"АҚ болып табылады.
Қызметтің стратегиялық бағыттары
индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек
өнімділігінің өсуін ынталандыру;
ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу;
корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын
арттыру [18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет