22
еңбегін ары қарай жалғыстарған Линдал Урвик, Л. Гьюлик, М. Вебер, Д.
Муни, П. Слоун және Г. Черч секілді ғалымдар. Файольдің және оның
ізбасарларының әзірлемелері негізінде төрт басты қағидатқа негізделген
ұйымның классикалық моделі қалыптасты: * еңбектің нақты функционалдық
бөлінуі; * жоғарыдан төмен қарай командалар мен өкімдерді беру; * билік
бірлігі (ешкім бір бастықтан артық бастыққа жұмыс істемейді); * «бақылау
ауқымын» сақтау (бағыныштылардың шектеулі санына басшылықты жүзеге
асыру).
Психология және адами қатынас мектебі. Ғылыми Басқару Мектебі мен
классикалық мектеп кемшіліктерінің бірі-олар ақырына дейін ұйымның
тиімділігінің негізгі элементі болып табылатын адам факторының рөлі мен
мәнін жете түсінбеуі. Сондықтан классикалық мектептің кемшіліктерін
жойған психология және адами қатынастар мектебін жиі неоклассикалық
мектеп деп атайды. Өндірістің практикалық міндеттеріне психологиялық
талдауды
қолдануға
алғашқы
талпынысты
АҚШ-тың
Гарвард
университетінің профессоры Г.Мюнстерберг қабылдады. Біздің жүз
жылдықтың 20-30 жылдары адами қарым-қатынас мектебі пайда болды.
Психология және адами қарым-қатынас мектебінің басты ерекшеліктерінің
бірі оған бихевиоризмді, яғни адам мінез-құлқының теориясын енгізу болып
табылады. Психология және адами қатынастар мектебінің негізін
қалаушылардың бірі – Гарвард Университеті бизнес мектебінің профессоры
Элтон Мэйо. Психология және адами қарым-қатынас мектебіне жанасатын
ғалымдардың зерттеулерінде адамдардың ұйымдағы мотивациясы мәселелері
үлкен орын алады [17].
Достарыңызбен бөлісу: