1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жерге орналастыру жұмыстарының сметасын жасау, еңбекті және



Pdf көрінісі
бет45/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

17.3. Жерге орналастыру жұмыстарының сметасын жасау, еңбекті және
еңбекақыны нормалауды жүргізу, бизнес жоспарын жасау
Жерге орналастыру жұмыстары – жаңа жер телімін қалыптастыру
немесе бар жер телімін қайта ұйымдастыру жұмыстарының кешені, оның
шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) және кадастрлық істі құрастыру
бойынша топографиялық-геодезиялық жұмыстар. Осы жұмыстардың түпкі
мақсаты – құрамына жер телімінің сұлбасы (жоспары), оның ауданы,
шекаралары, орналасқан жері, іргелес жер телімдерінің меншік иелері мен
жер пайдаланушылары, жер телімінің ауыртпалықтары мен сервитуттары


55
туралы мәліметтер кіретін техникалық, экономикалық, заңдық құжаттар
кешені болып табылатын жерге орналастыру жобасы.
Жерге орналастыру жұмыстары келесі жағдайларда орындалады:
жерге орналастырылатын жаңа нысандарды құру немесе бар
нысандарды ретке келтіру (жерге орналастыру нысанының жобалық
шекараларын белгілеу) кезінде;
жерге орналастырылатын нысанның орналасқан жері туралы шынайы
мәліметтер болмаған жағдайда, оның шекараларын келісілу арқылы
орналасқан жерін нақтылау кезінде (жерге орналастырылатын нысанның
шекараларын ретке келтіру);
мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастырылатын нысанның
шекараларын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер болған жағдайда,
оның шекараларын қалпына келтіру кезінде (жерге орналастырылатын
нысанның шекараларын қалпына келтіру).
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер
орталығы» ЖШС орындайтын жерге орналастыру жұмыстары:
жерді пайдалану нысанын құру және бар нысандарын ретке келтіру
бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, жер
телімдерінің шекараларын белгілеу;
аумақтардың жер-шаруашылықтық құрылысы, бүлінген жерлерді
қалпына келтіру және жаңа жерлерді игеру жобаларын, жерді пайдаланумен
және қорғаумен байланысты басқа да жобаларды дайындау, келісілу, бекіту
және беру;
ландшафттық-экологиялық тәсілдеменің негізінде жерге орналастыру,
жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жобаларын дайындау;
топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық және басқа
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
жер ресурстары жағдайының және оларды пайдаланудың тақырыптық
карталары мен атластарын жасау.
Жерге орналастыруды жобалау жерге орналастыру үдерісінің негізгі
және ажырамас бөлігі, жерге орналастыру мәселелерін шешудің басты
құралы. Компания мамандары графикалық және мәтіндік бөлімдерін қоса,
жерге орналастыруды жобалаудың барлық жұмыстарын орындайды.
Графикалық бөлімге жобалық жоспар (аумақтың шекарасын белгілеумен
байланысты барлық шешімдер көрсетіліп), жобаны жерге түсірудің жұмыс
жоспарлары, карталар (геоботаникалық, жерді бағалау, агроэкологиялық),
сұлбалар, кестелер және диаграммалар кіреді. Мәтіндік бөлімге жобалауға
тапсырма, есептеу-түсіндіру жазбасы, техникалық-экономикалық негіздеме
материалдары, алқаптар аудандарының ведомосттары, сметалық-қаржылық
есептеулер, сараптама материалдары, жобаны қарау және бекіту құжаттары,
қолданбалы бағдарламалардың пакеттері, ақпарат тасығыштар кіреді.
Жобаның екі бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы құрайды (9 суретте
көрсетілген) [21].


56
Сурет 9 - Жерге орналастыру жұмыстары
Мамандар жерге орналастыру жобасын орындау жұмыстарын да
жүргізеді. Оған жобаны жерге түсіру, жобаның барлық элементтерін игеру,
жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын ресімдеу және беру кіреді.
Компания барлық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды GPS Sokkia
GRX1 екі жиілікті қабылдағышты (суретке түсірудің PPK және Static
түрлеріне арналған), SET сериясының Sokkia тахеометрі сияқты заманауи
геодезиялық жабдықтарды пайдаланып жүргізеді. Камералық өңдеу ең жаңа
компьютерлердің және бағдарламалық жасақтаманың көмегімен жүргізіледі.
Компанияның жол талғамайтын автокөлігі және далалық топографиялық-
геодезиялық жұмыстарды жүргізуге қажетті басқа да жабдықтары бар.
Еңбекті нормалау – бұл жұмысшының нақты ұйымдастырушылық-
техникалық жағдайда жұмыстарды атқаруға (өнім бірлігін дайындау) кеткен
еңбек шығындарын (уақыт) анықтау және сол негізде еңбекті нормалау.
Еңбек (өндіру, уақыт, қызмет көрсету) нормасы дегеніміз еңбек
шығынының өлшемі болып табылады және өндіріс пен еңбек ұйымының,
техниканың, технологияның жеткен деңгейіне сәйкес жұмысшының
біліктілігіне орай бекітіледі.
Еңбек жөніндегі ережелердің әзірлеуі, орнатылуы, ауысуы және қайта
қарау жұмыс берушімен еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік органмен
бекітілген тәртіпте жүргізіледі [26].
Еңбек орындарының оңтайландыру мен аттестацияулау кезеніндегі
еңбек ережелері міндетті аусуға, жаңа техниканың, технологиялардың және
техникалық-ұйымдастыру шаралар еңбек өндірімділіктің арттыруы үшін
орнатылуы тиіс [27].


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет