69
реформасының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық
жағдайлардағы жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарын мүлде
жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында
жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес
мақсаттағы жаңа және бұрыннан бар жер иеленушіліктер мен жер
пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен
айналысады. Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын
қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ)Ш кеңейтуге
жер бөліп беру міндеттері жүктелеген. Жерді бөліп беру, тарату, елді
мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру,
жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды
рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс−қимылдар да жерге орналастыру
міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу,
аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсарту
және қорғау жөніндегі республикалық, облыстардың, аудандардың өндірістік
күштерінің 15-20 жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі
бағыттары қамтылуға тиісті [29].
Достарыңызбен бөлісу: