213
тұрады. Дәстүрлі геодезиялық тораптармен байланыс 1 кластыжерсеріктік
геодезиялық тораптарды (ЖГТ-1) дамыту үшін де қолданылады.
Жоғарғы класты жерсеріктік геодезиялық тораптар пунктінің ФАГТ,
ЖДГТ
және
ЖГТ-1
пунктерімен
байланысы
теңестіру
немесе
трансформациялау жолымен 1 - 4 класты Мемлекеттік геодезиялық
тораптарының дәлдігін растайды, ең бастысы МГТ-ның барлық пунктер
координаталарын бір геоцентрлік координат жүйесінде анықтайды. Айталық,
МГТ барлық пунктерінің жиынтығы екі координаттар: мемлекеттік
референцтік және жалпы жердегі геоцентрлік жүйесін іске асырады. GPS -
өлшеулерін кеңінен қолдану жағдайында геодезиялық қамтамасыз ету
жүйесін тиімді дамытуды кешенді шешу кезінде, тек қана жалпы жердегі
геоцентрлік координаттар жүйесін құруды қарастырмай, жерсеріктік,
гравиметриялық және нивелирлік деректерді бірге қолдану негізінде бір
нормальды биіктіктер жүйесінде қарастырған жөн. Геодезиялық тірек
тораптарының жоғарғы тізбесі - ФАГТ, ЖДГТ және ЖГТ-1 пунктерінің
жиынтығын жоғарғы дәлдіктегі координаттар жүйесінде құру, оларды
ғаламдық геодинамика процестерінсіз зерттеу мүмкін емес. Қазіргі таңда
геодинамика (IGS) мақсатында халықаралық тұрақты ЖЖС-нің бақылау
пунктерінің тораптары құрылған. Бір координат және биіктік жүйесіндегі
жаңа геодезиялық тораптар жүйесінің құру принципі 21-суретте келтірілген.
Сурет 27 - Жерсеріктік геодезиялық тораптар жүйесін құру принциптері
Достарыңызбен бөлісу: