1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жоспарлы және биіктік тірек желілерін теңестіру



Pdf көрінісі
бет178/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.6. Жоспарлы және биіктік тірек желілерін теңестіру.
Жұмыс режиміне кіру дегеніміз – аппаратураны қосу және дисплей
экранында бейнеленген барлық жазылған жұмыс режимдерін, қабылдағышты
өлшеуге даярлауға қажет бастапқы деректерді енгізуді тексеру. Осы кезеңде
оператор, қосылған аккумуляторлық батареялардың зарядталу дәрежесі мен
қабылдағыштағы есте сақтау құрылғыларындағы бос жад мөлшерін
бақылайды. Сонымен қатар, ол клавиатура арқылы жоғарыда аталған
бастапқы деректерді (антеннаны орнату биіктігі, пункттің шартты атауы, т.б.
ақпарат) енгізуді жүзеге асырады.


242
Дисплей экранында бейнеленген ақпараттар қабылдағыштың жеке жер
серіктерінен радиосигналдардың ұсталуын, олардың мөлшерін,«сигнал/шу»
қатынасы түрінде қабылданған сигналдардың орны мен сапасын бақылауға
мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы геодезиялық жерсеріктік қабылдағыштарды өлшеудің
толық автоматтаттандырылған режимі қолданылатындықтан, оператор –
бақылау функцияларын ғана орындайды. Бұл кезде ол жүйелі түрде
аккумулятор батареясының заряды мен есте сақтау құрылғысындағы бос
жадының болуын бақылайды. Сонымен қатар, қажет жағдайда сыртқы
ортаның (қатты найзағай, дауыл, т.б.) аппаратураға әсерінің алдын алу,
қорғау шараларын іске асырады. Бақылау сеансын жүргізу процесінде
оператор дисплей экранында қабылдағыштың қандай да бір бұзылуы туралы
ескертулерді қадағалауы тиіс (мысалы, аккумулятор батареясының отыруы).
Одан бөлек, ол далалық бақылау журналында циклдердің өту жағдайлары
мен олардың ұзақтығын, геометриялық факторлардың жол бергісіз
факторларын, басқа да радиобөгеттердің болуынан, жұмыстағы үзілістерді,
т.б. белгілеуі қажет. Өлшеу процесінің қосымша бұзылуының пайда болуы,
болмауы үшін оператор сеансты жүргізген сәтте антеннаға өте жақын
болмауы тиіс. Өйткені ол жер серігінен түскен сигналдардың экрандалуына
және шағылуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет