1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет195/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

Қауіпсіздік шараларына нұсқау Тахеометрде жоғарғы кернеудегі ток
өткізгіш элементтер болмағандықтан, өлшеу жұмыстарын жүргізу кезінде
қауіпсіздік шаралары жүргізілмейді.
Сурет 50 - 3Та5Р электронды тахеометрі:
а) 1-көтеру бұрандасы; 2-түзету бұрандасы; 3 - дисплей; 4 - қосу/айыру
батырмасы; 5 - колонка; 6 - диоптрлі сақина; 7 -көру дүрбісінің
кремальерасы; 8 - коллиматорлы көздегіш; 9 - бұранда; 10 - батарея; 11,13 -
жетекші бұрандасы; 12,14 - бекіту бұрандасы; 15 - табаны; ә) 1-инжектор
батырмасы; 2 - түзету сайыны, 3 - жады картасы; 4 - дөңгелек деңгейлеуіш; 5
- клеммалар; 6 - центрирдің түзету бұрандасы; 7 - оптикалық центрирдің
окуляры; 8 - жады картасы байланысатын түйін; 9 - цилиндрлік деңгейлеуіш
7. Ахуалдың цифрлық моделін жасаудың жалпы қағидаттары.
7.1. Нүктелі, сызықты, алаңдық шартты белгілер.
Пландар мен карталардың шартты белгілері.
Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден,
оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар меи цифрлы
белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.
Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі
объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар
және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің
жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толықтырады.
Біркелкі
объектілердің
әр
түрлі
масштабты
топографиялық
карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей, тек көлемдері
жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық
және сандық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған
толықтырумен еске салатын бастапкы графикалық белгілермен беріледі.
Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және касиеттері жағынан
масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып
бөлінеді.
Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабтық контурлы
шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардың көлемдерін (ұзындығын,
енін және ауданын) картадан өлшеуге мумкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай
шартты белгі контурдан, яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен


272
және фон-дық бояу тустері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары
түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің
контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызыкпен жер бетінің
бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып
белгіленеді.
Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның
масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер
белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, кұдық және т. б.).
Масштабтан тыс шартты белгілер — тиісті объектінің сыртқы түрін еске
салатын шағын геометриялық фигуралар. Масштабтан тыс шартты белгілер
нуктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы
нүктелермен картадағы объектілердін координаталарын және өзара
қашықтығын анықтайды.
Өзендер, каналдар, жолдар және баска сызықтық объектілер де
масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің
осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені
біршама ұлғайтылып көрсетіледі.
Жазулар және тусіндірме шартты белгілер масштабтық және
масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде колданылады да, олар
объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет аткарады. Елді
мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. б. аттары толык
жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің
жанында орналасады; олар объектілердің маңызын немесе касиетін
түсіндіреді. Мысалы, мк.— мектеп, вкз.— вокзал. Цифрлық белгілер көбіне
объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру
қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т.
б.) көрсету үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет