272
және фон-дық бояу тустері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары
түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің
контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызыкпен жер бетінің
бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып
белгіленеді.
Масштабтан тыс (нүктелік) шартты белгілермен сұлбасын картаның
масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер
белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, кұдық және т. б.).
Масштабтан тыс шартты белгілер — тиісті объектінің сыртқы түрін еске
салатын шағын геометриялық фигуралар. Масштабтан тыс шартты белгілер
нуктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы
нүктелермен картадағы объектілердін координаталарын және өзара
қашықтығын анықтайды.
Өзендер, каналдар, жолдар және баска сызықтық объектілер де
масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің
осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені
біршама ұлғайтылып көрсетіледі.
Жазулар және тусіндірме шартты белгілер масштабтық және
масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде колданылады да, олар
объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет аткарады. Елді
мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. б. аттары толык
жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің
жанында орналасады; олар объектілердің маңызын немесе касиетін
түсіндіреді. Мысалы, мк.— мектеп, вкз.— вокзал. Цифрлық белгілер көбіне
объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру
қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т.
б.) көрсету үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: