1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жердің экономикалық құнарлылығын кеңейту



Pdf көрінісі
бет49/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

18.3. Жердің экономикалық құнарлылығын кеңейту
Жерді пайдалану экономикасында жалпы және арнайы экономикалық
көрсеткіштер қолданылады. Олардың негізгілері табиғатты қорғауға және
пайдалануға жұмсалатын бір мезгілдік және ағымдағы шығындар, өндіріс
шығындары мен тиімдері, абсолютті және дифференциалды рента, қоғамдық
қажетті ең жоғарғы (шеткі) шығындар, табыс, пайда, дисконтталған таза
табыс, өнімнің (қызметтің) өзіндік құны, бағасы және пайдасы ресурсты
қалпына келтіру құны, балама құндылықтар, табиғи ортаға, адамдардың
денсаулығына, шаруашылық салаларына келтірілген экономикалық,
экологиялық және әлеуметтік зияндар, оларды болдырмауға, алдын-ала алуға
жұмсалатын шығындар, өндірісті экологиялау шығындары, экстерналийлер,
табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігі, т.б.
Ағымдағы шығындар – тауар өндіруге, қызмет көрсетуге, табиғатты
қорғауға қажетті күнделікті шығындар. Келтірілген шығындар – күрделі
және ағымдағы шығындардың бір мезгілге (өлшемге) келтірілген шамасы.
Күрделі қаржы (шығындар) бір мезгілдік шығындар өндіріске қажетті негізгі
қорды құруға жұмсалады, ал қор ұзақ мерзімде – тозғанша жұмыс істейді.
Ағымдағы шығындар өнімнің, жұмыстың шамасына байланысты
қайталанып отырады.
Шеткі шығындар – біраз уақытқа (жағдайға) белгіленген нақты өнімді
өндіруге (қызмет көрсетуге) жол берілетін қоғамдық қажетті шығындар шегі.
Дербес шығын – жеке табиғат пайдаланушылық нақты өнім өндіруге (қызмет
көрсетуге)
жұмсалатын
табиғат
пайдалану
(қорғау)
шығындары.
Дифференциалдық рента – сапасы жақсы және орналасуы қолайлы табиғат
ресурстарын (жағдайын) пайдаланғанда алынатын қосымша табыс, пайда.
Рента нақты табиғат ресурсын пайдаланғанда алынатын олжа шамасын
көрсетеді және осы ресурсты экономикалық бағалау негізі болады.
Табиғатты қорғау экономикасында көптеген жалпы экономикалық
көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішінде: баға, өзіндік құн, пайда, табыс,
тиім, тиімділік, пайда нормасы немесе нормалы пайда, дисконттау,


61
экономикалық зиян, зиянның орнын толтыру (компенсация), ресурсты
қалпына келтіру шығыны т.с.с.
Жерді
пайдаланудың
функциялық
ерекшелігі
оның
табиғи
ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл -
ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және
өндірістік күштерді орналастырудың базисі әрі барлық экономикалық өсім
факторының - еңбек, материалдық - техникалық және табиғи ұдайы
өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының негізгі болып табылады.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған
құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады [20].
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда
оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын
шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан,
олардың құны болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына
қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да
жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен
қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет.
Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық
әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана
қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады [21].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет