68
бейнелеп, өндірістің өзгерген жағдайларын, қолдағы бар мүмкіндіктер мен
резервтерді онша ескермейді [11].
20.3. Жерге орналастыруда еңбекақыны есептеу
Жалақы дегеніміз — жеке енбек шартынын негізінде орындалған енбек
үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге
міндетті сыйақы (табыс). Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен:
орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады.
Жалақыны
реттеудің
мемлекеттік
орталықтандырылған
әдісі
қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разрядаралық тарифтік
коэффиииенттерін, барлық кызметкерлердің енбегіне ақы төлеудің Бірыңғай
тарифтік кестесін, жалакы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Енбекке
ақы
төлеудін
орталықтандырылған
әдісі
мемлекеттік
бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.
Материалдық салада еңбек ететін адамдар мен бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы
деңгейлерін жақындастыру үшін жана бірынғай тарифтік кесте белгілеңді.
Ол экономиканың барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда
разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды — бірінші разрядтан 21 разрядқа
дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады.
Меселен, бұрын бірынғай тарифтік кестедегі бірінші разрядтың
тарифтік коэффициенті — 2-ге, ал жиырма бірінші разряд- ІЗ,О8-ге тең
болса, жана тарифтік кесте бойынша олар тиісінше — 1 және 4,24-ті
құрайды. Бірынғай тарифтік кестенің негізіне еңбекке ақы телеудін
принципті жана жүйесі алынған [14].
Еңбек ақы төлеу жүйесінің негізі ретіңде «1 разряд ставкасы»
көрсеткішін, ал әлеуметтік төлемдер жүйесінің негізіне бюджетте бекітілетін
айлық есептік керсеткішті» қабылдау жолымен әлеуметтік төлемдер жүйесін
және еңбекке ақы төлеу жүйесінің аражігін ажырату — кірістер саясатын
реформалаудың басты қағидасы болып табылады. Ол бұрын заң жүзінде
қалыптасқан «ең аз жалақы» ұғымындағы қайшылыктарды жойды [16].
Достарыңызбен бөлісу: