82
Кадастрларды жүргізу тәртібі ҚР Үкіметінің қаулыларымен
белгіленеді.
Бүгінгі күні ҚР – да мемлекеттік мәртебесі бар және есепке алу
объектісіне-табиғи ресурсқа байланысты қалыптастырылатын кадастрлардың
мынадай түрлері бар:
1) жер кадастры - жердің табиғи, экономикалық және құқықтық
жағдайы туралы құжатталған мәліметтердің жүйелі жиынтығы.
2) орман кадастры-орман қорының құқықтық режимі, ҚР
ормандарының сандық және сапалық жай-күйі туралы, оның ішінде ағаш
тұқымдарының құрамы, орманның жас құрамы, қорғаныш топтары мен
санаттары, экономикалық бағалау және т. б. туралы мәліметтер жиынтығы;
3) жануарлар дүниесінің кадастры - жануарлар дүниесі объектілерінің
географиялық таралуы, саны, құрамы, шаруашылық пайдаланылуы, қорғау
шаралары туралы, мекендеу ортасы туралы жүйеленген мәліметтер;
4) Су кадастры- су объектілері мен олардың су ресурстары, оларды
пайдалану, пайдаланушылар санаттары туралы жүйелі мәліметтер
жиынтығы;
5) пайдалы қазбалардың кен орындары мен көрініс-белгілерінің
кадастры негізгі және бірге жатқан қазбалардың саны мен сапасы, оларды
игеру шарттары, геоэкономикалық бағалау туралы әрбір кен орны бойынша
жүйеленген мәліметтерді қамтиды;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастры-осы аумақтардың
мәртебесі, географиялық жағдайы мен шекаралары, ерекше қорғау режимі,
табиғат пайдаланушылар, ғылыми, экологиялық және өзге де құндылығы
туралы деректер жиынтығы;
7) қалдықтардың кадастрына олардың қауіптілігін, пайда болу
көздерін, пайдалану шараларын, орналастыру орындарын және т. б. ескере
отырып, қалдықтар туралы мәліметтер кіреді;
8) табиғи ресурстар мен объектінің аумақтық кадастрлары табиғи
ресурстардың орналасқан жері, саны мен сапасы, олардың әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық бағасы туралы деректерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: