1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Санаттар бойынша жердің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет86/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

8.3 Санаттар бойынша жердің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының жер заңнамасында барлық жерлерді
белгілі бір санаттарға бөлу белгіленген. Жер санаты – жер қорының негізгі
мақсаты бойынша бөлінетін және пайдалану мен қорғаудың белгілі бір
құқықтық режимі бар бөлігі.


111
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикадағы әкімшілік-
аумақтық бірліктер өңірлер мен елді мекендер болып табылады.
Өңірлерге республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі
буындары ретінде облыс, аудан, ауылдық (селолық) округ жатады.
Елді мекендер қалалық және ауылдық болып бөлінеді. Қалалықтарға
республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай – ақ
кенттер; ауылдарға-олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан,
барлық қалған елді мекендер жатады.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес
мынадай санаттарға бөлінетіні белгілі:
-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
-елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді
мекендердің) жерлері);
-өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық
қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге
де жер;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
-орман қорының жерлері;
-су қорының жерлері;
-босалқы жерлер.
9. Аудандық және облыстық жер кадастры орталығының негізгі
міндеттері
9.1 Пайдалану құқығына мемлекеттік акт беру үшін құжаттама
тізбесі
Мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кездекелесі
құжаттар қажет:
-жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы әкімдіктің
шешімінен үзіндінің көшірмесі;
-уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасының және
жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі
материалдардың көшірмесі (егер жобаны әзірлеуші "ЖерҒӨО" РМК болып
табылса, құжат талап етілмейді);
-жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі
материалдардың көшірмесі;
-жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін
орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер
учаскесіне арналған Жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және
көрсетілген жұмыстарды орындаған ұйым беретін жергілікті жерде оның
шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар ұсынылады (егер жобаны
әзірлеуші "ЖерҒӨО" РМК болып табылса, құжат талап етілмейді);
-жер учаскесін сатып алу-сату шартының көшірмесі;


112
-жер учаскесінің сатып алу бағасын төлеу жүргізілген төлем
құжатының көшірмесі;
-төлем құжатының көшірмесі.
Бұл қызмет "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы"
КЕАҚ-да жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет