1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет197/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   236
Totin Filosofia (1)

МАТЕРИАЛИЗМ — лат. тіл. ауд. – заттық. Жаңа заманда батыстық 
философияда толығымен қалыптасқан және әлемнің жалғыз субстанциясы 
ретінде Т.Гоббстан бастау алар түсінікте ешкім де және ешнәрсе де 
жаратпаған материяны мойындайтын жаңа философиялық бағыт. Барша 
рухани және материалдық қүұбылыстарды материализм материяның 
туындысы деп біледі. Идеализмге қарама-қарсы. 
МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ — біртұтас адамзаттық мәдениеттің бір 
бөлігі. Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның 
материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам 
арқылы ғана бола алатын, демек, мәдени мақсатқа сәйкес міндеті және 
өркениеттік рөлі бар шығармашылық қызметтің нәтижелері. 


364 
МАТЕРИЯ алдымен ежелгі гректің, кейін бүкіл батысевропалық 
философияның категориясы. Философияда материя формамен байланысты. 
Материя қалай түсінілсе де, форма мен форманың арақатынасын бұлайша 
түсіну үрдісі бүкіл кейінгі батысевропалық философияға тән еді. Аристотель 
философиясында да төрт себеп туралы ілім болған, олар – формальдық, 
материалдық, мақсаттық және әрекеттік себептер. Ағылшын философы 
Т.Гоббс мақсаттық және формальдық себептерді алып тастайды да, 
материалдық және қозғаушы себептерді біріктіріп, оларды табиғатқа қатысты 
қолданады. Осылайша материямен ажырамастай байланысты болатын 
материя мен қозғалыстың категориялары пайда болды. Материяның аталған 
түсінігін француз материалистері, Ф.Энгельс және В.Ленин қабылдайды 
және ол диалектикалық материализмде орнығады. 
МАХИЗМ — XXғ. бас. Мах, Авенариус және олардың шәкірттерінің және 
К.Пирсонның 
еңбектерінде 
ұсынылған 
ғылым 
философиясы 
мен 
методологиясындағы субьективтік-идеалистік бағыт. 
МАХАБХАРАТА  санскритпен жазылған көне үнді эпосы. Оның маңызды 
ерекшелігі – оның үстеме эпизодтарында заң, адамгершілік, билік, парыз бен 
адамның діни міндеттері, яғни үнді философиясында «дхарма» ұғымына 
жинақталған мәселелерді түсіндіретін дидактикалық және философиялық 
мәні болып табылады. 
МАХАЯНА — буддизм іліміндегі нигилистер мен субьективті 
идеалистердің ағымы. Махаяна – «үлкен шеңбер» деп аталатын ағым – 
архаттан гөрі «бодхисатваны» пір тұтады. «бодхисатва» - архатқа жетпеген, 
бірақ толық білімге жетуге талпынып жүрген адам. Ол білгір адамнан гөрі 
дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет