394
ЦИ (қыт. – пневма, эфир, ауа, тыныстау, рух, мінез, энергия,
өмірлік қуат,
материалдық
бастау»)
—
субстанция
ұғымына
жақын
қытай
философиясының ең маңызды категорияларының бірі. Дәстүрлі түрде ли
(«заң» немесе «қағида») категориясына қарама-қарсы қойылады. Әртүрлі
мектептердің философиялық бағдарына сай ци негізгі үш мағынасында
көрініс табады – әмбебап субстанция/субстрат, өмірлік энергия/рух және
психикалық бастаудың көрінісі (жүрек/ақыл – синь). Алғашқы мағынасы кең
тараған, яғни ол – «тұлғасыз»
әлемді толтыратын сапасыз заттық
субстанция. Цидің бұл түсінігі ертедегі даосизмге («Дао дэ цзин»), Сюнь-
цзының көзқарасына (б.д.д.IIIғ), Чжан Цзайға (XIғ). Мэн-цзыға (б.д.д.IVғ)
тән еді, олар циді әлемдік «пневманың» әмбебап сипатын білдіретін рухани
және тәндік нәрсенің бірлігі деп қабылдаған.
Достарыңызбен бөлісу: