1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ВОЛЬТЕР, Мари Аруэ Франсуа Вольтер



Pdf көрінісі
бет93/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   236
Totin Filosofia (1)

ВОЛЬТЕР, Мари Аруэ Франсуа Вольтер (1694–1778) — 
XVIII ғасырдағы француз ағартушы-философтарының 
арасындағы ірі тұлға, ақын, прозаик, сатирик, тарихшы, 
публицист, 
құқыққорғаушы; 
вольтерьяндықтың 
негізін 
қалаушы. Деизм өкілі. Шығармалары: «Философиялық 
хаттар», «Кандид», «Метафизика туралы трактат», «Ньютон 
философиясының 
негіздері», 
«Тарих 
философиясы», 
«Философиялық повестер мен әңгімелер», «Эстетика», т.б.
ГАДАМЕР, Ганс-Георг Гадамер (1900–2002) — неміс
философы, XXғ. II-ші жарт. атақты ойшылдардың бірі, 
«Философиялық герменевтиканың» негізін қалаушы 
ретінде ғылымда танымал. Бреслау және Марбург 
университеттерінде философия, тарих, әдебиет теориясы, 
өнер тарихы және евангелиялық теологияны оқыған. 
Шығармалары: «Ақиқат және метод», «Әдеміліктің 
өзектілігі» және т.б. 
ГАЛИЛЕЙ, Галилео Галилей (1564–1642) — итальяндық 
физик, механик, астроном, философ және математик. 
Шығармалары: «Ғылымның жаңа екі саласына байланысты 
математикалық дәлелдемелер мен пайымдаулар», «Табиғат 
туралы кітап» және т.б. Ол ең алғаш рет аспан әлемін 
зерттеуге арналған телескопты пайдаланды және ғылымда 
бірқатар астрономиялық жаңалықтарды ашты. Галилей —
экспериментальді физиканың негізін қалаушы. Галилейдің 
ғылымда ашқан екі жаңалығы: біріншісі - қатты және серпілмелі заттардың 
сыртқы күштерге қарсылығы, екіншісі – денелердің құлау заңдылықтары – 
оның философиялық көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етті.


273 
Махатма»_Ганди'>ГАНДИ, Мохандас Карамчанд «Махатма» Ганди (1869–
1948) — Ұлыбританияға қарсы Үндістанның Тәуелсіздігі 
үшін 
күресі 
қозғалысының 
идеологы 
әрі 
білікті 
жетекшілерінің бірі. Оның күш көрсетпеу (сатьяграха) 
сияқты философиясы көпшілікке әсер етті. Халық оны жақсы 
көріп, Ганд МахатмаҰлы жан») деп атады. Оның негізгі 
идеясы – Толстойдың мұраты сияқты, яғни өзін-өзі іштей
адамгершілік тұрғыда жетілдіру, өміріне махаббаттың, 
зорлық жасамаудың, зиян келтірмеудің қағидаларын енгізуге талпыну. Ең 
алдымен адам өзгеру керек – сонда қоғам да өзгереді. Бәріне де сеніммен 
қарау: Құдайға, адамдарға, әлемге, қоршаған шындыққа. Басқаша айтсақ: 
жан ақылдан биік тұру қажет. Түйсіну арқылы немесе Бхагавадгитаның 
дүниетанымына сүйеніп, ол өмір бойы алға жылжуға, шынайы рухани дамуға 
ұмтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет