КӨПЕЕВ, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858–1931) — теолог-
ғалым, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ әрі
қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Ол көптеген
әдеби, публицистикалық (көсемсөз) және философиялық ой-
тұжырымдарын әртүрлі қоғамдық-саяси, экономикалық және
мәдени мәселелерге арнаған. Соның ішіндегі негізгілері:
ғылымды игерудің маңыздылығы, қазаққты білімге тарту,
кейбір қоғамда болып жатқан құбылыстарды сыни
тұрғысында зерттеу, ислам дінінің ел өмірінде алатын орны, т.б.
КУЗАНСКИЙ, Николай Кузанский (Кребс) (1401–1464) — кардинал, XVғ.
ірі неміс ойшылы, философ, теолог, ғалым, математик, шіркеулік-саяси
қайраткер. Діндар, пантеизм өкілі, Қайта Өрлеу заманының диалектигі.
Шығармалары:
«Ғалымдық
білімсіздік»,
«Ғалымдық
білімсіздік
апологиясы», «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы
туралы», «Құдайдың көріпкелділігі туралы», т.б.
КСЕНОФАН (шамамен б.д.д.576–487ж.ж.) — грек арасынан
шыққан атақты философ, Элеат мектебінің негізін қалаушы
және оның көрнекті өкілі. Оның пікірінше, барлық
заттардың негізі – Жер. Егер Милет мектебінің өкілдері
космостың
генетикалық
бастамасын
әрі
түпнегізін
физикалық қасиеттері бар Ауа, Су, От апейрон десе,
Ксенофан олардан әрірек кетіп, Жер Космостың түпнегізі
ретінде біртұтастық деп тұжырымдайды.
КРОЧЕ, Бенедетто Кроче (1866–1952) — итальяндық
интеллектуал, сыншы-критик, философ, саясаткер, тарихшы.
Неогегельяндықтың өкілі. XX-ғасырдың жүзжылдықтың
басында оның еңбегі эстетикалық ойдың одан әрі дамуына
ықпал етті. Шығармалары: «Эстетика как наука выражения
и как общая лингвистика» (1902).
КІШІБЕКОВ, Досмұхамбет Кішібеков (1925) — қазіргі
қазақ
философ-ғалымдарының
бірі,
философия
ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), Қазақстан
ҰҒА-ның академигі (2003), Қазақ ССР Жоғарғы мектебінің
еңбек сіңірген қызметкері (1974). Екінші дүниежүзілік
соғысқа қатысушы. Қызылорда педагогика институтының
(Қорқыт
Ата
атындағы
Қызылорда
мемлекеттік
университеті) тарих факультетін бітірген (1948). Негізгі ғылыми еңбектері
қазақтың тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлі дүниетанымына арналған.
Қазақтың өткені мен бүгінін ғылыми саралап, оның діліне, болмысы мен
әдет-ғұрпына, дүниеге көзқарасына философия талдау жасап, философия
290
тарихы мәселесін зерттеді. Сондай-ақ, Кішібеков өтпелі кезеңдегі қоғамның
даму заңдылықтарын, қоғамдық қатынастардың жай-күйін айқындап, бір
қоғамнан екінші қоғамға өтуде демеуші факторлар қажет екендігін негіздеді.
Ол 580-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде - 47 монография, оқулық,
кітаптар мен кітапшалар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |