1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ҚАШҚАРИ, Махмұд, Махмұт ибн әл Хұсейн ибн



Pdf көрінісі
бет116/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   236
Totin Filosofia (1)

ҚАШҚАРИ, Махмұд, Махмұт ибн әл Хұсейн ибн 
Мұхаммед Қашқари (ХІғ.) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуану 
лұғат-ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің 
авторы. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы
этнографы, географы ретінде танылады. Түркология 
тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, 
түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды.


292 
ҚИРАБАЕВ
,
Нұр Серікұлы Қирабаев 
(19.12.1951ж. Алматы 
қаласында туған) — философия ғылымының докторы
профессор. Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) 
ғылыми 
жұмыстары 
жөніндегі 
проректоры. 
Ресей 
Академиясы әлеуметтік ғылымдарының тұрақты мүшесі. РФ 
құрметті ғылым қайраткері. 1974 жылы Ломоносов атындағы 
ММУ, философия факультетін тамамдаған. 1979 жылы әл-
Ғазали жөніндегі кандидаттық диссертациясын қорғаған, 1989 
жылы «Мұсылмандық ортағасырдағы әлеуметтік философия» атты 
тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
ҚОРҚЫТ, Қорқыт-Ата (VIIIғ) — ақын, жырау, асқан 
күйші-қобызшы. Ол түркі қауымының қаһармандығы, 
мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып 
береді. Қорқыт-Ата ертегілері мен дастандары – түркі 
мифологиясының қайнар көзі. Ұлы күйшіге өзі іздеген 
мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Қорқыт ата 
кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп 
ұшырасады («Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі»; 
«Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды»; т.б). 
ҚЫДЫР-АТА – Шығыс халықтарының, соның ішінде түркі халықтарының 
мифологиясындағы тұлға, игілік, молшылық, байлық пен бақыт әкелуші. 
ЛАКАН, Жак Лакан (1901–1981) — француздық 
психоанализдің 
теоретигі 
мен 
практигі. 
Лакан 
психоанализмі қағидасының негізгі идеясы - тіл құрылымы 
мен бейсаналықтың әрекет тетіктерінің ұқсастығы мен 
үйлесімдігі. Ол рәміздіктің (символизмнің) ойлаудан, 
тілден, тарихтан, адамдық практикалық өмірден үстемдігін 
анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет