1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


мектебінің негізін қалаушы



Pdf көрінісі
бет134/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   236
Totin Filosofia (1)

мектебінің негізін қалаушы. Парменидтің қарастырған 


307 
мәселелері болмыс пен бейболмыстың арақатынастары, болмыстың ақыл-
ойға қатынасы. 
ПЕТРАРКА, Франческо Петрарка (1304–1374) — 
итальяндық ақын, бірінші гуманист, жаңа еуропалық 
лириканы жасаушы. Петрарка бастауыш білімді латын 
тілінде алған, кейін Монпельедегі құқық мектебінде
Болонья университетінде оқып, 1326 жылы діни дәреже 
алған. Итальяндық Проторенессанс ұлы қайраткерлерінің 
бірі, Варлаам Калабрийскийдің шәкірті. Шығармалары: 
«Өлеңдер кітабы», «Менің құпиям», т.б.
ПЕРИАНДР, Периандр Коринфский (б.д.д. 629–586ж.ж.) — 
жеті кемеңгердің бірі атанған Периандр 40-жылдай Коринфті 
билеген екінші тиран. Кипсел және Кратеидің баласы. 
Периандрдың тұсында Коринф шаһары гүлдеп көркейеді
әдемі ғимараттар бой түзейді. Әр тараптан әйгілі ақындар 
кеп, билеушінің сарайында айлап жатып мейман болған, 
солардың ішінде Дионисидтің құрметіне арнап алғаш рет 
елұран шығарған Арион да ат басын тіреген. Периандр 
ақындармен дос болып қана қоймай өзі де поэзияға бой ұрған. Ертедегі 
ойшылдардың өмірінен дерегі мол тамаша кітап жазып қалдырған атақты 
Диоген Лаэрцийдің дерегі бойынша, Периандр өлеңмен екі мыңға жуық 
ғақлия жазған. Оның жұмырлап сөзбен түйген асыл ойлары да даналық 
мәйегі ретінде бағаланбақ. 
ПИРС, Чарлз Сандерс Пирс (1839–1914) — американ философы, XIXғ. 70-
жылдары АҚШ-та пайда болған прагматизм философиясының өкілі. Ол 
ғылым мен дінді бір ымыраға келтіруге тырысты, «ақылға қонымды 
философияны», яғни утилитаризм, іскерлік, пайдалы, практикалық мәні бар 
философия, «американдық өмір бейнесін» жасауға ұмтылды. Оның 
прагматикалық доктринасы:ойлаудың ерекше қағидасы – күмәндану – 
сенім теориясы; мағыналар теориясы; және ақиқат пен шындық теориясы. 
Пирс принципі немесе мағына теориясы дегеніміз – мағыналарды 
практикалық салдар жиынтығына телу. Алғашқы прагматизм өкілдерінің бірі 
– У.Джемс болса, соңғы прагматизм өкілдері – Д.Г.Мид пен Д.Дьюи. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет