1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


геополитика, сондай-ақ диффузионизм теориясы



Pdf көрінісі
бет139/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   236
Totin Filosofia (1)

геополитика, сондай-ақ диффузионизм теориясының 
негізін қалаушы.
Басты шығармалары: «Народоведение», 
1885-88; «Антропогеография», (2-т. тұратын) 1882-91; 
«Политическая география», 1877; және «Земля и жизнь», (2-
т. тұратын) 1902; 
РАЙХ, Вильгельм Райх (1897–1957) — Фрейдо-марксизм 
деп аталатын бағыттың негізін қалаушы. Оның идеясының 
басты қағидасы – адам өмірі мен қызметінің өзегі 
ғарыштық табиғаты бар сексуалдық энергия. Қоғам мораль, 
этикет, мәдениет арқылы адам энергиясына, аффекттеріне 
аяусыз қысым жасайды. Адам мәдениет «қысымында» өмір 
сүруге, қауымдастық нормаларына бейімделуге, билікке, 
бастықтарға 
бағынуға 
мәжбүр 
– 
бұл 
адамды 
«невротизацияға», оның өзіндік, ақиқаттық «Менінің» өліміне әкеледі. 
РЕРИХ, Николай Константинович Рёрих (1874–1947) —
орыс суретшісі, философ, мистик, ғалым, жазушы, 
саяхатшы, археолог, қоғам қайраткері, масон, ақын, педагог.
7000-ге тарта картиналардың (олардың көпшілігі атышулы 
әлемдік галереяларда тұр) және 30-ға тарта әдеби 
еңбектердің авторы, Рерих пакті идеясының авторы және 
оның инициаторы, «Мәдениет арқылы бейбітшілікке» және 
«Бейбітшілік Туы» атты халықаралық мәдени қозғалыстың 
негізін қалаушы. 
РЕРИХ, Елена Ивановна Рерих (Шапошникова) (1879–
1955) — орыс арасынан шыққан діни философ (кейбір 
деректерде философ немесе эзотериялық философ), жазушы, 
қоғам қайраткері. 
РИКЕР, Поль Рикёр (1913–2005) — француз философы,
феноменологиядан 
бөлініп 
шыққан 
философиялық 
тармақтың бірі, философиялық герменевтиканың көрнекті 
өкілі 
(Хайдеггер, 
Гадамердің 
қатарында). 
Оның 
философиясының басты ұғымы – тұлға. Тұлға – бүкіл 
адамдық мәдениетті жасаушы. Философия міндеті
адамдық субьективтікті ұғыну әдісін жасап шығару. Рикер 


312 
«регрессивті-прогрессивті», яғни адамды үш өлшем - өткен шақ, осы шақ, 
келер шақ арқылы ұғынуды, түсінуді ұсынды. Шығармалары: «Ерік 
философиясы», «Тарих және ақиқат», «Интерпретация жөнінде. Фрейд 
туралы очерктер» т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет