1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет182/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЕЛЕСТЕТУ—  ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 
елестету арқылы жасалған бейне. 


350 
ЕРЕСЬ (грекш. – кейін кету, ерекше діни ілім) — ресми шіркеу 
догмаларынан ауытқитын христиандық діни ағым. 
ЕРЕКШЕЛІК — жалпыға бірдей мен жекелік нәрсенің синтезін 
сипаттайтын диалектиканың категориясы. 
ЖАҒРАПИЯЛЫҚ 
ДЕТЕРМИНИЗМ 
 
әлеуметтік-тарихи 
даму 
ерекшелігін жағрапиялық ортадан (климат, топырақ, су көздері, фауна, 
флора) тікелей тәуелділікте қарастыру. 
ЖАЛПЫЛЫҚ — көптеген феномендерде формальдық немесе мазмұндық 
тұрғыдағы барабарлық, ұқсастық. Жалпыға бірдейден өзгеше болады. 
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ  алуан түрлі феномендердің ішкі, мәндік мазмұнын 
белгілейтіндиалектиканың 
категориясы. 
Жекелік 
және 
ерекшелік 
категорияларымен өзара байланысы бар. Алуан түрлі феномендердің сыртқы 
сипаты мен ұқсастығын білдіретін жалпымен шатастырмау керек. 
ЖАТТАНУ — Г.Гегельдің философиясында абсолютті идеяның өзінен басқа 
болмыстық формаға өтуі. Л.Фейербахтың философиясында адамның 
жаттанған мәні ретіндегі діннің өмір сүру тәсілі. К.Маркс пен марксизм 
философиясында адам мен қоғамның өмір сүруінің ерекше тарихи формасы 
және онда адамдардың қызметі мен өзара қарым-қатынасының арқасында 
жасалған құбылыстар өздерін жаратқандарға үстемдік етеді. 
ЖАҺАНДАНУ — ХХғ. орт. басталып, жаңа мыңжылдықта қарқын алған 
өркениеттік парадигманың түбегейлі зат алмасу үдерісі. Жаһанданудың 
бірінші 
анықтамасы 
– 
қаржылық 
ағындар 
мен 
экономикалық 
құрылымдардың интеграциясы, трансұлттық корпорациялардың пайда болуы 
және т.б. бірақ жаһанданудың мәнін экономикалық интеграция анықтамайды. 
Мәдениеттің онтологиялық және антропологиялық сипаттамалары өзгереді. 
Ақпараттық технологиялар мен Ғаламтор ғасырында адам обьективті 
шындықтан алыстап, виртуальді әлемдерге көшеді және бұл оның өмірінің 
барлық параметрлерін өзгертеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет