1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМ



Pdf көрінісі
бет180/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   236
Totin Filosofia (1)

ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМ немесе ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ-
МАТЕРИАЛИСТІК ФИЛОСОФИЯ — марксизм философиясы және 
методологиясы. ССРО-да және «социалистік лагерь» деп аталған елдерде 
болған ресми философия. 
ДИАХРОНИЯ (грекш. «диа» арқылы, «хронос» - уақыт) — түрлі тілдік 
жүйе мен тілдік құбылыстың тарихи дамуы, бүтіндей алғанда 
лингвистикалық зерттеудің пәні. 
ДИССИПАЦИЯ (лат. - ыдырау, шашылу, тарау) — өзгеріс болатын, ауытқу 
таралатын жүйе. Шын мәнінде диссипация дегеніміз жүйені толық қамтитын 
флуктациялық жағдайда оның көріну үрдісінің сипаты. 
ДИСКУРС 
 
лебіздің 
әлеуметтік 
негізделуін 
талдау 
үшін 
структуралистердің философияға енгізген ұғымы. Терминді постмодернистер 
белсенді пайдаланады және ол жалпы ұғымдық және бір мезетте сұхбаттық 
құрылым енетін коммуникативті кеңістікті білдіреді. 
ДИУАНИ-ХИКМЕТ (АҚЫЛ КІТАБЫ) — мұсылмандық қағидалары 
өлеңмен жазылған дидактикалық дастан (ХІІғ). Авторы - Қ.А.Иассауи
ДУАЛИЗМ (латынш. – «дуалис» екі жақты немесе екіұдайылық) —
материалдық және рухани мәдениетті екі қарама–қарсы, бірақ негізі мәдени 
элементте бір-бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни 
мәдениет дуализмі. Не болмаса, әлемде тең құқылы әрі өзара біріне-бірі 
келтірілмейтін 
екі 
бастауды 
немесе 
субстанцияны 
мойындайтын 
философиялық ілім. Монизм мен плюрализмге қарама-қарсы тұрады. Жаңа 
заман философиясында дуализмді Р.Декарт ұстанған. 
ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС — обьективтік дүниеге, болмысқа, адамға және 
тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар 
мен қағидалар. 
ДҮНИЕТАНЫМ — адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, 
моральдық нормаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі (бастапқы) 
сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас 


349 
қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі 
өлшем. 
ДІН (РЕЛИГИЯ) — жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс 
трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана 
формасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет