1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет193/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   236
Totin Filosofia (1)

КУМУЛЯТИВИЗМ (лат.көбею, шоғырлану) — ғылым, білім дамуы 
жинақталған білімдер жинағына жаңа қағидаттардың біртіндеп қосылуы 
жолымен жүруі. 
КУНСТКАМЕРА (немісш. – сирек дүние сақтар орын, мұражай) — түрлі 
тарихи, көркем, ғылым – жаратылыс т.б. сирек ұшырасатын коллекциялар 
және оларды сақтайтын орын. 
ҚАБЫЛДАУ — материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы 
құрылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік 
бейнесі.
ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІ — ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алатын (сақ, 
үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын-Орда, 
Ақ-Орда т.т.), кейін Қазақ-Хандығы уақытында қалыптасқан түркі–соғды, 
түркі–араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына 
енетін этномәдени бірлестік. 
ҚОҒАМДЫҚ БОЛМЫС — тарихты материалистік тұрғыда түсіндірудің 
категориясы, адамдардың тіршілік әрекетінің нақтылы немесе іс жүзіндегі 
барысы. К.Маркс пен Ф.Энгельстің тарихи материализмнің қарапайым 
түсінігіндегі сияқты, ол тек қана экономикалық нақтылықпен байланысты 
болмайды. Аталған ілім бойынша, қоғамдық болмыс қоғамдық сананы 
анықтайды. Не болмаса қоғамдық қатынастар жүйесінде болатын, адам 
қызметі арқылы өндірілетін қоғамның материалдық бірлігі. Ол – қорланып, 
жетіліп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады. 
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ — алғашқы қауымдық құрылыстан («табиғи 
жағдай») мемлекеттік құрылысқа өтуді түсіндіретін Жаңа заманның 
әлеуметтік философиясындағы ұғым (Т.Гоббс, Дж.Локк және Ж.-Ж.Руссо). 
ҚОҒАМДЫҚ САНА — тарихи процестің рухани жағы, қоғамдық 
болмыстың бейнесі. 
ҚОЗҒАЛЫС материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат 
пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең 
жалпы түрде алсақ, қозғалыс – кез-келген өзгеріс, материалдық обьектілердің 
өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы. 
ҚҰНДЫЛЫҚ — біріншіден, адам үшін маңызы бар ойлау мен шындық 
қатынасын бейнелейтін философиялық категория. Екіншіден, танымның, 
белгілі бір объектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп 
танылатын – философиялық–социологиялық ұғым. Құндылықтардың нақты 
жүзеге асуы – көңіл-күйде, мақсатта, ерік-жігерде, мұратта көрініс табады. 


361 
ҚҰРАН (арабш. - «дауыстап оқу», «жатқа айту») — барлық 
мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы. 114-сүреден тұрады. 
Мұхаммедтің 610-632жж. аралығында Мекке мен Мединеде пайғамбарлық 
аяндары түрінде айтылған уағыздарының жинағы. Аспаннан Алла–тағаланың 
жіберуімен бірнеше рет түскен аяндар негізінде жазылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет