1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет201/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   236
Totin Filosofia (1)

МУАЛЛИМ-ВАТ-ТАЛИБ — Ұстаз-Шәкірт - мәні жеке рухани-
адамгершілік тәжірибиесін хабарлау болып табылатын исламдық білім 
берудің сұхбаттық белгісі. Білім беру практикасында «мактаб», «медресе» 
Ұстаз бен Шәкірттің тұлғааралық қатынасы Құдаймен Ұлы байланысқа 
бейімділікті дамытты. Олар ілімнің мәні болып табылатын Шәкіртте рухани 
және дене күшін қалыптастырды. Бұл қатынастар жеке қатынастар мен 
тұлғалық қатынастар формасында ерекше болып табылатын ұрпақтар 
байланысын көрсетті. 
МУКТИ — Сансарадан және кармадан босау. 
 
МУТАЗИЛИТ (оқшауланушылар, бөлектенушілер) — каламның беделді 
мектептерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни 
мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия 
мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады. 
МУТАКАЛЛИМ — каламды жалғастырушылар, құр догматтарға сүйеніп 
қана қоймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын 
ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда 
болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылады. 
НАҚТЫЛЫҚ — идеалды нәрсемен идеал мағынасында сәйкесетін және 
оған қарама-қарсы нәрсе. 
НАСТИКА — бейортоксалды (веданы мойындамайтын) мектептер.


368 
НАТУРАЛИЗМ (латынш. – табиғат) — позитивизм философиясының 
әсерімен пайда болған көркемдік әдіс. Өнер табиғаты жаратылыстанудан 
алынған ұғымдармен түсіндіріледі. 
НАТУРОЦЕНТРИЗМ (лат. «натура» – табиғат, «центрум» – орталық, өзек) 
— барлық негізгі мәселелердің қойылуы мен шешілуін өзегіне 
антропоморфты және теоморфты қабаттардан аршылған табиғатты қоятын 
философиялық және кең ауқымда – дүниетанымдық ұстаным. 
НЕГАТИВТІК — бәрін теріске шығару, жою, бекерге шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет