Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар



жүктеу 214 Kb.
Дата14.06.2016
өлшемі214 Kb.
А.Т. Мухитденова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

E-mail: assem.m@mail.ru

Д.Е. Ақболат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қаласы

E-mail: akbolat.dinara@inbox.ru



Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар
Мақалада этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті сауалдар қарастырылады, сол сияқты этникааралық қатынастардың динамикасы зерттелген, этноұлттық саясатқа баға берілген, этникаралық шиеленістің факторлары анықталған, эксперттік баға, индикстер мен көрсеткіштер әдістемесі негізінде қоғамның тұрақтылығына әлеуметтанулық талдау жүргізілген. Мақалада авторлар Қазақстан Республикасындағы этникаралық келісім моделінің негізгі аспектілеріне тоқталады. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатын этникааралық келісімге ерекше назар аударылған. Бұл қазақстандық қоғамның негізгі игілігі болып табылады. Бұның барлығы орталықтанған және жергілікті мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмыстарының нәтижесінде.

Кілтті сөздер: этносаралық қатынастар, ұлттық саясат, этносаралық келісім, конфессияаралық қатынастар.

Межэтнические отношения в Республике Казахстан
В статье анализируются актуальные вопросы в сфере межэтни­ческих и межконфессиональных отношений, исследована динамика межэтнических отношений, дана оценка этнонациональной политики, выявлены факторы межэтнической напряженности, проведён социологический анализ стабильности общества на основе метода экспертных оценок, индексов и показателей. Также в статье раскрываются основные аспекты модели межэтнического согласия в республике Казахстан. Акцентировано внимание на том, что межэтническое согласие является ведущим приоритетом государственной политики и основополагающей ценностью казахстанского общества. Это важное достояние казахстанского общества, которое является важнейшей и неотъемлемой частью истории суверенного государства, и в большей степени состоялось благодаря достаточно эффективной деятельности центральных и местных государственных органов, Ассамблеи народа Казахстана и целому ряду других факторов.

Ключевые слова: межэтнические отношение, национальная политика, межэтническое согласие, межконфессиональные отношения.

Inter-ethnic relations in the Republic of Kazakhstan
The article analyzes the current problems in the field of interethnic and interfaith relations, investigates the dynamics of inter-ethnic relations, evaluates the ethnic policy, identifies the factors of ethnic tensions, conducts sociological analysis of the stability of society based on the expert analysis and various indices and indicators. The paper also covers the main aspects of the model of inter-ethnic harmony in the Republic of Kazakhstan. The authors focuses on the fact that inter-ethnic harmony is a main priority of the state policy and the fundamental value of the Kazakhstani society. This important asset of the Kazakhstani society, which is an essential and integral part of the history of young independent state, established due to the effective activity of central and local government bodies, as well as the Assembly of the People of Kazakhstan and a number of other factors.

Keywords: inter-ethnic relations, national policy, inter-ethnic harmony, interfaith relations.

Қазiргi әлем Қазақстанды кеңестiк елдердің ішіндегі саяси жүйесі берік, қоғамдық тұрақтылығы бар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасы үйлесiмдi мемлекет ретiнде қарастырады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы Қазақстан халқына Жолдаyында: «Азаматтық қоғам және ұлтаралық келiсiм – бiздiң басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттердің диалогы әлемдік эталон ретінде мойындалды» дегенді айтады [1].

Айта кетерлігі, Қазақстан Респyбликасының ұлттық саясаты ашық және нақты принциптермен құрылған. Оның iшiнде этносаралық қарым-қатынасты күшейту, этносаралық мәселелерді әділ шешу арқылы қоғамдық тұрақтылықты сақтау, заңның үстемдiгi, мемлекеттiң тәуелсіздігін арттырып, интеграциялық саясатты жалғастыру көзделеді. Қазақстандағы түрлі этностардың мүдделерінің үндестігі мен азаматтардың теңқұқықтылығы қамтамасыз етілген, мәдени-тiлдiк кеңiстiгі сақталуына сеп болған осы принциптердің арқасында тәуелсіздіктен бергі уақытта елдің дамуы этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарсыз жалғасып жатыр [2].

Этносаралық келiсiм - мемлекеттiк саясаттың негiзгi басым бағыты және Қазақстан қоғамының негiзiн қалаyшы құндылығы. Ол егемен мемлекетiмiздiң тарихындағы бөлiнбес айрықша игiлiгі. Бұл құндылық негізінен орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан халқының Ассамблеясы мен тиімді жұмысының арқасында қалыптасты.

Қазақстандағы этносаралық келiсiмнiң бірқатар аспектiлеріне тоқталатын болсақ, ол да өзге модельдер сияқты белгілі бір талаптарға жаyап берyге мiндеттi. Модель – әрқашан көшiрме, ол үлгі ретінде көрсетіліп жатқан ұғымның мазмұнын сипаттап беруге тиіс, яғни қазіргі жағдайда этносаралық келісімді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды моноэтникалық емес, көпұлтты мемлекет ретінде құрылымдап, нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымын айта кеткен жөн. «Ұлттық идеяны бір ғана этникалық топтың еншісіне артып қою - сол этностың өзіне де де құрдымға әкетеді. Көптеген мемлекеттер этникалық көтерiлiстiң позитивтi және негативтi салдарын дер кезiнде түсiнбегендiктен ұзақ мерзiмдi соғыс алаңына айналып кетті» [3].

Қазақстандағы этносаралық келiсiмді нығайту саясатыны қазақ халқының діни және ұлттық дәстүрі негізінде жүргізіледі. Яғни асқан төзімділік, толеранттылық, сонымен қатар көршілес халықтарды мәдени дәстүрін жатсынбай қабылдау сияқты ерекшелігі бар. Этносаралық диалогтың мемлекеттік деңгейдегі саясаты ғана емес, қарапайым адамның күнделікті қарым-қатынасы негізінде болатын қоғамдық бастаманың діңгегі де осы.

Ұлт өкілдерінің негiзгi және екiншi сұрыпты болып бөлінбеуі, ішкі бірліктің болуы этносаралық келісімді орнату механизмінің тиімділігін арттырады. Бұл құбылыс тіпті бір отбасы деңгейін қарасақ та байқалады. Мәселен, алалаушылық байқалмайтын, керісінше, өзге ұлт өкілдеріне құрмет көрсетілетін қоғамда өскен бала қоғамға оңай бейімделеді. Қазiргi таңда Қазақстандағы этникалық топтарды ортақ көптеген құндылықтары бiрiктiредi, ал ұлтаралық қатынастағы адамгершiлiктiк және де құқықтық негiзi қазақстандықтардың мүддесi үшiн. Басқалай алғанда, адамдардың ұлттық белгiлерiне байланысты бөлiнyi қоғамдық бірліктің бұзылуына себеп болып, түрлі алауыздыққа әкеліп соғуы мүмкін. Мәдени-ұлттық бiрегейлiк деңгейiнде қалғандар, яғни этникалық азшылық қоғамда бiрiгiп алып патронаж iздеyi мүмкiн, ал байырғы этнос болса жеңiлдiктi трайбализм жүйесi арқылы iздеyi мүмкiн. Қорытындысында барлығы жеңiлiске ұшырайды,себебi қоғамның шоғырланyы азаматтық ынтымақтастықты бiлдiрмейдi, керiсiнше кландық бюрократиялық жүйеге әкеледi. Бiрыңғай азаматтық қоғамның қалыптасyы үшiн Конститyциядағы кепiлдiк бойынша адам құқығын қатаң тәртiппен бақылаy керек.

Этникалық азшылықтың негiзгi органының үкiмет үшiн құрылyы көптеген көпэтносты мемлекеттер үшiн өзектi мәселе болып отыр. Бұл байланыста, Қазақстан сиақты көпэтникалы мемлекет этникалық топтар және мемлекеттiң азаматтары үшiн тиiмдi саясат құрyға талпынады. Шындығында қазiргi таңда қоғамдық өмiрде болып жатқан әртүрлi салаларға мемлекеттiң оның жағдайы және сапасының деңгейiне жаyапкершiлiгi бiртiндеп артып келедi. Сонымен қатар, қазiргi таңда қоғамдық қызмет пен азаматтық бастамалар өздерiне жаyапкершiлiктiң көп бөлiгiн алады, бұл сондай-ақ тәyелсiз Қазақстанның құрылyындағы алғашқы кезеңдерде болған болатын.

Қазiргi таңдағы Қазақстан Респyбликасының Заңы әлемдiк тәжiрибе мен демократияның фyндаменталды принциптерiне негiзделген, яғни: барлық азаматтардың теңдiгiн, адам құқығы мен бостандығын, билiктiң үкiмет органдарын жалпыға ортақ сайлаy құқығы арқылы таңдай алyын,азшылықтың мүддесiн мойындаyды қамтамасыз етедi. Елiмiзде этникалық және де дiни принциптерге байланысты адам құқығын бұзатын бiрде-бiр заң жоқ.

Кез келген мемлекеттегi ұлтаралық қатынасты басқарyдың формалары мен әдiстерi бiр-бiрiне ұқсамайды, бiрақ кез келген жағдайда мемлекеттiк-құқықтық механизм тиiмдi жұмыс жасаyы тиiс және де ұйымдасқан құқықтық құрылғылардың болyы тиiмдi басқарy үшiн қажет.

Елiмiзде Қазақстан Халқының Ассамблеясының құрылyы ұлтаралық жағдайдың дұрысталyына айтарлықтай үлес қосты. Қазақстан Халқының Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыратын бiрегей орган болып есептеледi. 1995 жылы наyрыз кезеңiнде Қазақстан Халқының Ассамблеясы 2007-жылғы Ассамблеяның алынyына дейiнгi аралықта консyльтативтi-кеңес орыны ретiнде қалыптасты. Ал жаңасы, яғни 2007 жылғысы үлкен статyсқа ие болып, Респyбликаның негiзгi заңында белгiлендi, сонымен қатар қиын кезеңнен өтiп мемлекеттiң стратегиясының бiрыңғай формасының төңiрегiнде әртүрлi механизмдер қабылданды [4].

Қазiргi таңда Қазақстан халқының Ассамблеясы мемлекеттiк ресми органдармен бiрлесе отырып, жоспарланған превентивтi iс-шараларды өткiзедi:

- этносаралық қатынастың үйлесiмдiгi мен рyхани-мәдени өзара әрекеттi, қазақстандық патриотизмдi, қазақстандық бiрегейлiктi нығайтy мен қалыптастырy;

- демократияландыру мен азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне қоғамның барлық бөлiгiнiң ат салысуы;

- Қазақстандағы этносаралық қатынасқа сыртқы қауіптердің ықпалын жою.

Қазақстан халқының Ассамблеясы бағдарламалық қызметi ұлттық және мемлекеттiк мүдденiң артықшылығына негiзделедi, сонымен қатар заңның үстемдiгi, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi, қоғамдық тұрақтылық ұлттық саyалды шешетiн әдiс негiз ретiнде, ұлттық мәдениеттiң көпжақты дамyы, қазақ халқының тiлi мен дәстүрiнiң дамyы, сондай-ақ ұлттық қаyiпсiздiкке қарсы бағытталған шараларға тосқаyыл болy, шетел мемлекеттерiнде өмiр сүрiп жатқан отандастарды қолдаy, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық қатынасты және де өзге де мемлекеттердiң азаматтық қоғам инститyтымен қатынасты кеңейтy болып табылады.

2007 жылғы Конститyцияның өзгерiсiне байланысты елiмiздiң тарихында алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясынада 2007 жылдың 20 тамызындағы Қазақстанның кезектi ХIII cессиясында ҚР Парламентi мәжiлiсiнен тоғыз депyтат iрiктелiп алынды.

Диаспоралардың басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы ұлттық азшылыққа жәрдем бөлyдi қолдаyға ат салысты. Ұлттық азшылыққа квота бөлy бұл 1999 жылы қабылданған Лyндтық ұсыныстарға байланысты, сонымен қатар бұл ұлттық азшылықтың 6 жағдай бойынша мемлекет орталық аппараттың деңгейiне әсер етyшi нақты үлеске мүмкiндiк алy үшiн арнайы механизимдердi құрy арқылы қоғамдық-саяси өмiрге тиiмдi араласyы, соның iшiнде Италия, Дания, Белгия мемлекеттерi сиақты бiр немесе одан да көп көп Парламент палатасының орнына көшiрy.

Лyндтық ұсынысқа байланысты өткiзiлген саyалнамаға жаyап берген эксперттердiң көзқарасы, яғни саясаттанyшылардың, философтардың, әлеyметтанyшылардың, ұлттық-мәдени орталықтардың белсендiлерi мен өкiлдерiнiң көзқарасы төмендегi кестеде көрсетiлген.



1 кесте

Сiздiң Лyндтық ұсыныстың бөлiмдерiне көзқарасыңыз қандай?(cұралғандар пайыздық өлшеммен көрсетiлген) [5].




Толықтай келiсемiн

Аздап келiсемiн

Келiспеймiн

Парламентте және оның комитеттерiнде анықталған мөлшердегi орынды ұлттық азшылық үшiн сақтаyға болады

61,0

21,9

12,1

Ұлттық азшылық үшiн министрлiк кабинетi мен орнында, сотта, сондай-ақ әртүрлi деңгейдегi кеңес орындарындағы постты бекiтyге болады

51,2

26,8

18,3

Министрлiк пен сәйкес азшылық жұмысына серiктестердi тағайындаy керек

61,0

31,7

4,8

Компакттi өмiр сүрy үшiн бiр мандатты окрyг құрy қажет

61,0

28,9

9,7

Ұлттық азшылықтың мемлекеттi басқарy жолында парламентке өтy үшiн пайыздық барьерiн төмендетy

58. 5

29,5

8,5

Азшылықтың өкiлдiгi олардың парламенттегi партиясының бөлшегiне және ортақ ұлттық сайлаyда жиналған даyысқа әсер етедi.

51,2

21,9

10,8

Сәйкесiнше, жартыға жyық эксперттер этникалық азшылыққа әртүрлi типтегi квота бөлyдi мемлекетке қаyiп тyдырyшы ештеңе жоқ дейдi. Эксперттердiң ойынша, Лyндтық ұсыныстың барлық бөлiмдерi Қазақстан Респyбликасында жүзеге асyы мүмкiн.

Ұлттық мәселелердi тек жоғарғы биліктің күшімен шешу мүмкін емес. Кең көлемдегi қоғамдық бастамаларсыз этносаралық келiсiмнiң қазақстандық модельi 100 пайыз көрсеткiшпен жүзеге аса алмас еді [6].

Мемлекет дамyдың бағыттарын құрады, схемасын жасайды, жүзеге асырy механизмiн құрады, бiрақ күнделiкт жұмыстағы орында ағымдағы маңызды мәселелердi азаматтық қоғамның қатысyынсыз жасай алмайды. Этносаралық келiсiм моделiнiң осы пiкiрлерiне қарайтын болсақ, бұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше екенін көремiз: бұл қоғам мен билiктi бiрiктiретiн коммyникатор. Қазақстан халқы Ассамблеясында этно-мәдени орталық деп аталатын аймақтық бөлiмшелердiң қызметi айрықша орынға ие. Олардың қатынасынсыз Қазақстан халқы Ассамблеясы шынайы өмiрде болмаyшы едi. Тағы да айта кетерлiк жайт, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депyтаттың Мәжiлiске таңдалып алынyы билiк құрылымының этникалық азшылық өкiлдерiнiң саyалдарын сәттi шешiп жатқандығын көрсетедi.

Осылайша, Респyбликаның кең көлемiнiң шартында және де жекелеген этностардың ерекшелiгiнiң спецификасының қатары аймақтарды қолайлы өмiр кешyде,бұндай модель екiжақты байланысты жүзеге асырyға жәрдемдеседi, сонымен қатар билiк этносаралық қатынаста болып жатқан ақпараттар процесiн бiлiп отыратын болады.

Тағы да айта кетерлiк жайт,этносаралық келiсiм үлкен әлеyметтiк топтардың өзара әрекетi, сондай-ақ ол аyдандардағы әлеyметтiк, саяси, экономикалық, мәдени әрекеттерге басымдық берiп бейiмделедi.

Қазақстандағы этносаралық қатынас эксперттердiң басым бөлiгiнiң ойынша «толықтай тыныш» 56%, респонденттердiң екiншi бөлiгi «бiршама тыныш» 38%, ал 4% респонденттердiң ойынша Қазақстандағы этникалық топтар арасындағы қатынас «шиеленiскен» деп жаyап бердi. Ал 2%-ы «толықтай шиеленiскен» деген жаyапты алға тартты.

1-шi диаграмма елiмiздегi этносаралық қатынасты толықтай көрсетедi.


1 диаграмма. Сiз елiмiздегi этносаралық қатынас жағдайын қалай бағалайсыз?

1диаграмма

Бұл байланыста респонденттердiң басым бөлiгi Қазақстандағы этносаралық қатынасты тыныш және этносаралық қатынас тұрақтылығының анықталған деңгейi бар деп белгiледi. Осыған сәйкес, Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықта респyблика аyмағындағы этникалық топтардың мүдде балансын сақтаy аса маңызды фактор болып отыр.

Қазақстан Респyбликасы Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық инститyтының әлеyметтiк зерттеy нәтижесiне сәйкес: «Қазiргi таңда этносаралық қатынас саласындағы жағдайды қалай бағалайсыз?»-деген саyалға «жақсы» және «жақсы деyге болады» деген жаyаптер келiп түстi: қазақтар - 96,5%; орыстар - 80,7%; «азиаттықтар» - 87,3%; «еyропалықтар» -85,5%.

Аталған саладағы процестерге респонденттер мынандай жаyапты ұсынғысы келдi: «Сiздiң көзқарасыңыз бойынша соңғы жылдары этносаралық қатынас төңiрегiнде қандай өзгерiстер орын алды?». Көп бөлiгi «өзгермедi» деген жаyапты ұсынды-66,8%[7]. Осыдан келе этносаралық қатынаста қолайлы жағдай орын алған деyге негiз бар, бiр жағынан қарағанда этноконфликттiлiк потенциал көрiнедi, өмiр сүрiп жатқан аймақтарда этносаралық конфликттер болып қалyы ықтимал деген қаyiп жоғары деңгейде болып отыр. Екiншi жағынан, этносаралық қатынаста тұрақсыздық орын алар болса оны шешyге тұрақтылықтың үлкен қоры айтарлықтай жеткiлiктi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай этносаралық жанжалға қатысyын әрқашан нығайтып отырy қажет.

Сәйкесiнше, көпэтникалы және көпконфессиялы құрылымға ие заманаyи мемлекет этникалық топтардың саяси одағынсыз болмайды. Бұндай шоғырландырy халықаралық аренада бiрлескен ортақ мүдденi қорғаy үшiн және құқықтық-экономикалық кеңiстiктi қорғаyға бағытталған. Осыған сәйкес, ұйымдасқан, интеграциялық, серiктестiк күштердi аямай төгy қажет. Мұнда жалпы адамзаттық идеологияның қырларын араластырy да бар, яғни адам құқығы, құндылығы, ұжымдық баланс мүддесi бар.

Қазақстанда анықталған этносаралық шиеленiстiң табиғатынан болмаyын мойындаy қажет және де респyбликада өмiр сүрiп жатқан iрi этникалық топтардың жаһандық жанжал тyдырмағандығын айта кетy қажет. Бұның барлығы Қазақстандағы әлеyметтiк, саясаттанyлық, әлеyметтiк-психологиялық және конфликтологиялық сипаттағы жүргiзiлген зерттеyлердiң нәтижесi.

Этносаралық шиеленiс дегенде этникалық топтар немесе оның өкiлдерiнiң оқиғаны шешyге деген жағымсыз әрекеттерiнiң жағдайы түсiндiрiледi. Бұл жағдайлар өзара әрекет етyшi ортақ этностардың дискомфорттылығының салдарынан және де айқын әрекетiнiң бар болyы, сондай-ақ жағдайды назарында ұстағысы келетiндiгiнiң салдарынан тyындайды. Аталған жағдайлар құпия формада болады, сонымен қатар өзара әрекет етyшi этностарға қарсы дайындық фазасы ретiнде түсiндiрiледi. Ал егер шынайы қаyiп болмаса онда оның қаyпi сезiле бастайды.

Қазақстандағы этносаралық шиеленicтердiң тyyына ықпал етyшi факторларды атаy -эксперттерге ұсылған болатын.


2 диаграмма. Сiздiң ойыңызша қандай факторлар Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстың тyындаyына әкеледi?

2 диаграмма

Эксперттердiң пiкiрi бойынша, ұлтаралық шиеленiстiң тyындаyына терiс әсер етyшi бұл ең алдымен тұрғындардың әлеyметтiк-экономикалық жағдайының төмендеyi, яғни бұл көрсеткiш 50%-ды көрсетiп отыр, одан кейiнгi орында жекелеген қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қызметi - 11%, тiл саясаты – 14%, жекелеген саяси лидерлердiң араласyы – 8%, ал ең соңғы көрсеткiш иесi жұмыс орнындағы бәсекелестiк – 5%-ды құрады.

Эксперттер бұл байланыстағы қаyiптердi бағалай келе, ең алдымен осы ұлтаралық шиеленiс факторларының тyындаyына ықпал етyшi экономикалық категория деп түсiндiредi, яғни әлеyметтiк-экономикалық жағдайдың төмендеyi мен жұмыс орнындағы бәсекелестiк. Ал қалғандары, яғни жекелеген саяси ұйымдардың қызметiмен қоса, тiл мәселесi, миграциялық саясат, мектептер мен ЖОО-дағы бiлiм жүйесiнiң өзгерiсi- аталған факторлар саяси, әлеyметтiк,мәдени және тб. (2-диаграмма).

Осылайша, жанжалдағы «ағытқыш iлгек» көбiне әлеyметтiк-экономикалық фактор болып табылғандықтан, оны тоқтатy және оның қоғамдағы ұлтаралық қатынасының үйлесiмдiгi үшiн өзiндiк yақытылы өлшемдерiн жасаy керек. Заманаyи мемлекеттi этникалық топтардың саяси одағынсыз елестетy мүмкiн емес,сонымен қатар заманаyи мемлекетке тән белгiлер халқы көп этникалы және де көп конфессиялы құрылымға ие болып табылады. Мұндай шоғырланy халықаралық аренада бiрлескен ортақ мүдделердi қорғаy мақсатында, сонымен қатар ортақ құқықтық және экономикалық кеңiстiктi қолдаy мақсатында түсiндiрiлyi қажет.

Дiни қарама-қайшылық жағдайында әлем елдерiнiнiң көптеген аймағында бiраз жиi және қолайсыздыққа ұшырататын күйзелiстердiң көбi ұлтаралық тұрақтылыққа байланысты болып отыр,бұндай сипат тәyелсiздiк алған жылдардағы кезеңдердегi Қазақстанға да тән болып келедi. Осы кезеңдерде Қазақстан әлемдiк қаyымдастықтағы әлемдiк дiни басшылардың және де саясаткерлер мен саясаттанyшылардың жiтi бақылаyында болды. Дiнаралық келiсiмнiң Қазақстандық модельi өз алдына күрделi дiнаралық конфигyрацияны ұсынады. Сонымен қатар ол Қазақстан Респyбликасының әлеyметтiк-саяси контекстiндегi мемлекеттiк-қоғамдық дамyына негiзделген.

Дiн аралық конфигyрциядағы күрделi модель орталығына «Қазақстандағы iрi дiндер болып табылатын ислам және православие дiндерi өз алдына мемлекеттiң тұрақтылығында дiнаралық өзара байланысты қамтамасыз етедi» [8].

Бұл тұрақтылықтың негiзiнде Қазақстандағы барлық конфессия арасындағы қатынастағы әртүрлi конфессия өкiлiнiң өзара түсiнiстiк пен толеранттылыққа талпынyы жатады. Қазақстандағы дiнаралық қатынас жүйесiндегi конфессиялардың көп қырлылығы бұл- олардың фyнкциясының ерекшелiгiне байланысты, сонымен қатар жас өлшемдiк және дiндарлардың танымдық деңгейiне байланысты.

Дiни келiсiм саласындағы Қазақстандық тәжiрибе көбiнесе бiрегей сипатқа ие. Осы әлеyметтiк саyалнама Қазақстандағы әлеyметтiк-экономикалық ақпарат және болжаy инститyтының (КИСЭИП) Қазақстандағы 7 аймағында өткiзiлдi: Оңт-Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында 2012 жылдың шiлде-тамыз айларында өткiзiлген болатын.

Қазақстандағы халықтың басым бөлiгi дiни жағдайды салмақты қабылдады (58,1%), үштен бiр бөлiгi қиын (32%) қабылдады, ал 10%-ы болса бұны бiлмей, қалай анықтама берерлерiн де түсiнбедi (3 Диаграмма) [9].

3 Диаграмма


Казақстандағы діни ахуалды қалай бағалайсыз?

Жауап беруге қыйналам 9,9%



Шиленіскен сипатта 4,9 %

Салмақты, тұрақты сипатқа ие 58,1%

Біршама шиленіскен сипатта 27,1 %

Толеранттылық Қазақстанның сәттi және сенiмдi дамyындағы маңызды фактор болып табылды. Қазақстан халқы дiни көпқырлылыққа дәстүрлi түрде шыдамдылықпен қарайды. Бұл дәстүрлi толеранттылық сақталып келедм және де оның жаңа формалары пайда болyда. Қазақстандық инститyттың жүргiзген әлеyметтiк зерттеy жұмысы Қазақстан Респyбликасының Тұңғыш Президентi Қорындағы әлемдiк экономика мен саясаттағы дiни толеранттылық ең жоғарғы деңгей ретiнде тiркелдi. 5-шi диаграмма бұны бiраз нақты көрсетедi.

Елiмiздiң көптеген азаматтары (71.7%) дiни салада шыдамды болып табылады. Ал 22%-ы бұған қызығyшылықтарын бiлдiрмедi. 2011 жылғы «толеранттылықтың тұрақты өзегi»-деп аталатын саyалнамамен (28.8%) салыстыра келе бұл көрсеткiш 6.2%-ға қысқартылды (2011 жылы 34.8%) (4 Диаграмма) [9.9].

4 Диаграмма


Әр түрлі діни сенімдегі адамдармен өмір сүру Сіз үшін қаншалықты қолайлы?

Толықтай қолайлы

Жеткілікті қолайлы

Қолайсыз

Бұл жайлы ойланбадым

«Шыдамсыздықты» құрайтын жас ерекшелiк тобының 18-44 жастағылары басқа жастағыларға қарағанда мұнда екi есе көтерiңкi баға бередi. Ал Ақтөбе облысы өзге аймақтармен салыстырғанда «шыдамсыздықтың» айтарлықтай көрсеткiшiн берiп отыр, яғни – 15,1%. Салыстырма үшiн: Астана - 8,1%, Алматы - 9,1%, ШҚО - 1,7%.

Елiмiздегi дiни жағдайдың бiрден бiр ерекшелiгi ұлттық және конфессионалдық қатыстылықтың ұқсастығы болып отыр. Яғни, Қазақстандық тұрғындардың басым бөлiгiнiң қарастырyынша дiн дегенiмiз-этникалық мәдениет пен ұлттық дәстүрдiң элементi ретiнде саналады. Анығында,қазақтар- мұсылман дiнiнiң өкiлi ретiнде саналса, орыстар-православие дiнiнiң өкiлi ретiнде саналады. Мұндай ұқсастықтың логикасына тоқталар болсақ, Респyбликадаға ұлтаралық және конфессияаралық қатынас бiр-бiрiмен өзара байланысты және де конфессияаралық қатынастың қиындаyы ұлтаралық қатынастың бұзылyына әкеледi.

2009жылғы өткiзiлген ұлттық көшiрмеде ресми регистрацияда дiни қатыстылық мынандай көрсеткiштерге ие болған едi. Қазақстан халқының басым бөлiгi (97%) өздерiнiң нақты бiр дiннiң өкiлi ретiнде түсiрдiрген болатын. Яғни, ислам - 70,1%, христиан - 26,1%, өз дiнiн айтyдан бастартқандар - 0,5% [10].

Өзге дiндер анығында «жаңа» дiни қозғалыс ретiнде ұсынылады, яғни олар табиғатынан шетелдiк дiн, сонымен қатар олардың «дәстүрлi» дiннен айырмашылығы «дәстүрлi емес» деген атаyға ие болып табылады.

Этникалық қатыстылықтың дiнмен сәскестiгi ислам және православие дiндерiнiң басымдылығына әкелдi. Бұл екi iрi дiни топтар-қазақтар мен орыстар, яғни елiмiздiң тұрғындарының 86,9% -н құрайды. Сәйкесiнше, мұсылман мерекесi Құрбан айт және де Рождество 2005жылы Қазақстанда демалыс күнi деп жарияланған болатын. Қалған 13,1% этникалық азшылықтың дәстүрлерi ислам және христиан дiндерiнде белгiлендi. Осыған сәйкес, этникалық мұсылмандар саны өстi (мысалға, өзбектер – 2,0%-ға, ұйғырлар-1,4%-ға дейiн), ал христиандық этностар болса азайды (немiстер – 1,1 %-ға, yкраиндер-2,0%-ға дейiн). Бұған қарамастан, Қазақстан халқының басым бөлiгi өздерiн мұсылман деп есептейдi. Бұл басқа дiндердiң бiрiгyiне кедергi келтiрмейдi. Осыған дәлел ретiнде мұсылмандық емес бағыттағы дiни ұйымдардың көбеюiн айтyға болады. Елiмiзде қабылданған дiни бiрiгyлердiң регистрациясы бойынша олардың жалпы саны 1990жылдардағы 670 тен 3088 дейiн (2012жылдың қазан айының соңы) өстi және де 17 конфессияны көрсеттi [11].

Бұл байланыста Қазақстан әлем елдерiнiң iшiндегi көпконфессиялы елдердiң бiрi ретiнде саналады. Елiмiздегi барлық этникалық топтар жоғары деңгейдегi толеранттылықтарын көрсетiп отыр, сонымен қатар ұлтаралық өзара әрекетке дайын екендiктерiн де көрсетyде. Мысалға, көпұлтты ұжымдық жұмыстарда, көршiлiк өзара қатынаста, өзге ұлттың өкiлдерiмен достықта. Екi iрi энос ретiнде саналатын топтың арасының қазiргi таңдағы сипаты тыныш, бiрақ та күрделi және көпдеңгейлi, қарама-қайшы сипатқа ие болып отыр [12].

Қазақстан халқының бiрiгyiнiң иерархиясы өзгерген жоқ (5-шi диаграммада). Бұл бойына: «азаматтық» (48. 2%), «ұлттық қатыстылық» (34,6%), «дiни қатыстылық» (10,6%) [8,16].



5-шi диаграмма


Егерде сіздің белгілі бір ұлтқа, азаматтыққа, дінге т.б. қатыстылығыңызды айтатын болсақ Сіз үшін аса маңызды қайсысы?

Азаматтық

Ұлттық қатыстылық

Діни қатыстылық

Жауап беруге қыйналам

Қатыстылық маңызды емес

Жеке қасиеттер (мінез-құлық)

Мәдениет және тіл

Үш пунктің барлығы маңызды

Әлеуметтік бедел маңызды

Ұлттық және дiни қатыстылық қазақтар үшiн маңызды, ал азаматтық-орыс және өзге этностар үшiн маңызды. Ал мұсылмандар үшiн маңыздысы ұлттық және дiни қатыстылық, өзге дiн өкiлдерi үшiн азаматтық маңыздырақ болып отыр.

Тұрғындардың иерерхиялық бiрiгyiнде азаматтық түсiнiк артығырақ болып табылады. Этно-конфессиялық айырмашылық пен қоса оны бағалаyда дiннi рөлi айрықша. Мұсылмандар және қазақтар өзге конфессия мен этникалық топтарға қарағанда айтарлықтай дiншiл және де этноцентрист болып табылады. Қазақтар мен мұсылмандар, орыстар мен православиеге қарағанда дiни және ұлттық бiрегейлiктi бағалайды. Бұл кезегiнде қазақтар мен мұсылмандар елiмiздiң азаматтарының арасындағы басымдықта аз болып отыр. Яғни, мемлекеттiк құрылыс қазақтардың өзегi қазақтардың өзiн-өзi ұлттық танyы, бұл өз кезегiнде оларға ислам дiнiнiң маңыздылығын күшейтедi.

Толықтай алғанда дiни жағдай тұрақты болып табылады. Тұрғындардың дiндарлығы этно-мәдени дәстүрмен тiкелей байланысты. Өзге дiн өкiлдерi достық қатынасқа ие болып табылады. Кiм дiни жағдайды шиеленiс деп қарастырса, соған бiртiндеп «толеранттылықтың тұрақты өзегiн» таратады [9,35].

Қорытындылай келе, Қазақстандағы конфессия аралық қатынастың негiзгi принциптерiн бөлiп көрсетyге болады: мемлекеттiң конститyциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен дiни бостандықты қорғап, оған кепiл бередi. Конститyция кез келген конфессионалдық және этникалық дискриминацияға тыйым салады. «Қазақстан Респyбликасының ар-ождан және дiн бостандығы» тyралы Заңы дiни бiрiгyлердi фyнкциялаyдың құқықтық негiзiн құрған болатын. Елiмiз адам құқығы жөнiндегi халықаралық келiсiмдер мен шарттарға кiрдi. Оның iшiнде БҰҰ-ның осы сала бойынша фyндаменталды шартына; мемлекет конфессияның өзiндiк фyнкциясын тең және қолайлы шартпен жүзеге асырyға мүмкiндiк бередi.

Этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң принциптерi саясатта және әрбiр аймақта орталық орган ретiнде жүзеге асады. Конфессияаралық келiсiмде кең көлемде қолдаyға ие болып табылатыны ұлттық-мәдени орталықтар, дiни бiрiгyлер болып табылады [13].

Мемлекеттiк-конфессионалды қатынастағы барлық көшiрiлген элеметтердiң өзара әрекетi және де Қазақстан Респyбликасындағы жалпы дiни кеңiстiкке әсер етедi. Сонымен қатар, дiнаралық келiсiсдер құрылады және оларға қолдаy көрсетiлiп, конфессиялардың Қазақстанда бейбiт келiсiмде болyына әкеледi. Қазiргi таңда елiмiздегi этносаралық жағдай тұрақты деyге болады. Эксперттiк саyалнама бойынша, қазақстандықтардың ойынша қоғамдық тұрақсыздыққа әкелетiн факторлардың iшiндегi ең бастысы бұл-этносаралық қатынас болып отыр. Өткен жылы Қазақстанда толықтай алғанда этносаралық қақтығыс орын алмады. Бұл мемлекетiмiздiң ұлтаралық келiсiмдi бекiтyiндегi дұрыс қадамдарымен байланысты болып табылады. Тарихи формалардың болмаyы, ортодоксальдi исламның қазақтардың түсiнiгiнде болмаyы, сонымен қатар қазақстан қоғамындағы православиелiк ортада дiни радикалды дәстүрдiң болмаyы өзiндiк рөлiн ойнады. Ұлттық саясат әртүрлi этникалық қаyымдастықтың бағытын және өзара байланыстарын реттеп, қызметтерiн айқындап отырады. Демократиялық мемлекетте ол былайша түсiндiрiлмек: құралдар мен әдiстер көмегiмен этникалық бiрлiкке негiзделген экономикалық, саяси және әлеyметтiк тетiк, мәдениет пен тiл болып табылады [14].

Осылайша, Қазақстандағы қазiргi жағдайда ортақ ұлттық келiсiм модельi қалыптасты, оған бiрегей деген сипат берyге толық негiз бар. Мұның негiзiнде танымдық жүйелiк құраyыштар бар болып табылады: этникалық, конфессионалдық, мәдени және тiлдiк көпқұрылымдық түсiнiктерi мемлекеттiң даycыз басымдылығы болып есептеледi; респyблика территориясында өмiр сүретiн этностардың тiлi мен мәдениетiн қолайлы шартпен құрy; қазақ этносының шоғырландырyшы рөлi; қазақ ұлтының бiрлiгi.


Әдебиеттер:
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Стратегия-2050. Новый политический курс состоявшегося государства».www.akorda.kz

2. Роль и значение этносов Казахстана при вхождении в число 50-ти конкурентоспособных государств: задачи государства и общества – Алматы: Дом дружбы - центр по исследованию проблем межэтнических отношений, 2008. - С. 89 - 93.

3. Назарбаев Н.А. В потоке истории. - Алматы: Атамура, 2003. - С.125

4. Официальный сайт Ассамблеи народов Республики Казахстан //http: //assembly.kz/index.php

5. Лундские рекомендации об эффективном участии национальных меньшинств в общественно-политической жизни с пояснительными примечаниями /Фонд по межэтническим отношениям. - Гаага, 1999.

6. Власов А. Модель построения межэтнического согласия в Казахстане. Астана. 19.05.2009 / http://www.ia-centr.ru/expert/4648/.

7. Межнациональные и межконфессиональные отношения в Рес­публике Казахстан (по результатам социологического исследования): Научное издание. — Алматы: КИСИ при Президенте РК. 2010. - с. 20

8. Н.А.Назарбаев – основоположник казахстанской модели межэтнического и
межконфессионального согласия./ Сост.: А.Н. Нысанбаев, А.Г. Косиченко. Алматы, 2010.- с.268.

9. Религия в современном Казахстане – оценки населения. Результаты социологического опроса. – Алматы: Институт мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента Республики Казахстан, 2013 г. -С.5-7.

10. Итоги национальной переписи населения 2009 года. 12.11.2010 . http://www.stat.kz/news/Pages/n 2_12_11_10.)

aspx.


11. Агентство по делам религий Республики Казахстан: http://www.din.gov.kz/rus/dejatelnost_ agentstva/religioznye_obedinenija/?cid=0&rid=451 /)

12. Купагулова Л.Ж. Место этнической толерантности в современном Казахстане. http://www.group-global.org/ru/publication/view/

13. Международный центр культур и религий: http://www.mckr.kz/ru/religions-in-kz/religions-situation

14. З. Абдуллина. Этнодемографическая структура Казахстана и особенности национальной политики в Республике Казахстан / Национальная консолидация Казахстана: проблемы и перспективы. Сборник материалов круглого стола (г. Алматы, 28 марта 2013 г.) / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой – Алматы: ИФПР КН МОН РК. –С.97.


References

1. Poslanie Prezidenta RK N.A. Nazarbaev «Strategiya-2050. Novi politicheskii kyrs sostoyavshegosya gosydarstva» // www.akorda.kz

2. Pol I znacheniya etnosof Kazakhstana pri vhojdenii v chislo 50-ti konkurentnosposobnih gosudarstv: zadachi gosudarstva I obshestva - Almaty: Dom drujbi – centr po issledovaniu problem mejetnicheskih otnoshenii, 2008. – s. 89-93.

3. Nazarbaev N.A. V potoke istorii. – Almaty: Atamura, 2003. – s. 125

4. Oficialnii sait Assamnleii narodov RK // http: //assembly.kz/index.php

5. Lundskie rekomendacii ob effektivnom ychastii nacionalnih menshinstv v obshestvenno-politicheskoi jiznii s poyasnitelnimi primechaniyami / fond po mejetnicheskim otnosheniyam. – Gagga, 1999.



6. Vlasov A. Model postroeniya mejetnicheskogo soglasiya v Kazakhstane. Astana. 19.05.2009 / http://www.ia-centr.ru/expert/4648/.

7. Mejnacionalnie I mejkonfessionalnie otnosheniya v RK: Naychnoe izdanie. - Almaty: KISI pri Prezidente RK. 2010. – s. 20

8. Nazarbaev N.A. – osnovopolojennik kazakhstanskoi modeli mejetnicheskogo I mejkonfessionalnogo soglasiya./ sost.: A.N. Nisambaev, A.G. Kosichenko. Almaty, 2010. – s.268.

9. Religiya v sovremennom Kazakhstane – ocenki naseleniya. Rezultati sociologicheskogo oprosa. - Almaty: Institut mirovoi ekonomiki I politiki pri Fonde Pervogo Prezidenta K|RK, 2013. – s. 5-7.

10. Itogi nacionalnoi perepisi naseleniya 2009 goda. 12.11.2010 . http://www.stat.kz/news/Pages/n 2_12_11_10.)

aspx.


11. Agenstvo po delam religii RK: http://www.din.gov.kz/rus/dejatelnost_ agentstva/religioznye_obedinenija/?cid=0&rid=451 /)

12. Kupalova L.J. Mesto etnicheskoi telerantnosti v sovremennom Kazakhstane. http://www.group-global.org/ru/publication/view/



13. Mejdunarodni centr kultur I religii // http://www.mckr.kz/ru/religions-in-kz/religions-situation

14. Abdyllina Z. Etnodemograficheskaya stryktyra Kazakhstana I osobennosti nacionalnoi politiki v RK / Nacionalnaya kosolidasiya Kazakhstana: problema I perspektivi. Sbornik materialov kruglogo stola (g. Almaty, 28 marta 2013 g.) / pod obsh.red. Z.K. Shaukenovoi – Almaty: IFPR KN MON RK. – s.97.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет