1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет220/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   236
Totin Filosofia (1)

ТАНЫМ  обьективті шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы. 
ТАНТРИЗМ (санскр.«тантра» – орағыта айту, айла–тәсіл, киелі мәтін, 
сиқыр) — өздерінің киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмнің 
секталары мен мектептерінің жалпы атауы. 
ТАРИХАТ (жол, бағыт) — адамның моральдық-психологиялық өзіндік 
жетілуі. 
ТАРИХТАНУ, ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ — адамзат тарихын пайымдау 
ілімі. Тарихи сананың шынайылығы, бағыты, даму нұсқалары жөнінде пікір 
қалыптастырып, тарихи дамудың әмбебап, жалпыға бірдей заңын табуға, 
абсолюттік мағынасын зерделеуге тырысады. 
ТАФСИР (арабш. – түсіндіру) — Құранды түсіндіру. 
ТӘҢІРІ, КӨК-ТӘҢІРІ (көне түркі тілінен ауд. – мықты, ер, құдіретті) —
көне түркілердің діни наным–сеніміндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі 
есебіндегі аспанмен теңдестірілген басты Құдай образы. Бұл көзқарастың 
негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға сыйыну болды. Құдырет деп есептелген 
бұл қос күштің негізгісі – Көк болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін 
тұрған әйел тәңірісі – Ұмай отбасы мен бала-шағаны қорғаушы болды. 
Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс 


385 
сыйлаған осылар деп ойлау керек!» деп жазылған. Тағы бір жерінде: 
«Жоғарыда зеңгір Көк, төменде қара Жер жаралғанда, олардың екеуінің 
арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым 
үстемдік құрған!». 
ТЕЛЕЛОГИЯ (грекш. – мақсат–мүдде, нәтиже) — мақсат және мақсатқа 
сәйкестік туралы ілім. Өмірдің барлық құбылыстарының түпкі мақсаты бар 
деп түсіндіреді. 
ТЕЛЕПАТИЯ — деп екі және одан да көп кісі арасында паранормалдық 
қабілет арқылы ақпарат алмасуды айтады. 
ТЕОГОНИЯ (грекш. – құдай және тууы) — құдайлардың пайда болуы
туысқандық қарым – қатынастары туралы діни аңыздар жүйесі, құдайлар 
шежіресі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет