1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ӘБУ-ХАНИФА, Әбу Ханифа Нұғман бин Сәбит



Pdf көрінісі
бет82/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   236
Totin Filosofia (1)

 
ӘБУ-ХАНИФА, Әбу Ханифа Нұғман бин Сәбит — Ханафи мазхабының 
негізін қалыптастырушы ғұлама ойшыл. 699ж. Ирактағы Куфа қаласында 
дүниеге келген. Оның өмірінің алғашқы елу екі жылы Омайяд дәуірінде
соңғы он сегіз жылы Аббасидтер дәуірінде өтті. 767ж. екінші халиф Мансұр 
заманында дүниеден өтті. Ханифа қалыптастырған фиқхтық мазхабы ислам 
әлемінде қабылданып, қазіргі таңда дүниежүзіндегі миллиондаған адамдар 
(солардың қатарында - қазақтар да) осы мазхаб бойынша өмір сүруде. Басты 
шығармасы: «Фиқх әл-акбар» атты еңбегі. 


263 
БАБЕФ, Франсуа Бабеф, лақап аты - Гракх Бабеф (1760–
1797) — бірінші коммунист - теоретик және практик. XIX-
XXғ.ғ. Бабефтың коммунистік қоғам және қарулы көтеріліс 
туралы ілімі – бабувизм деген атауға ие болды. Басты 
идеялары: ол барлық философиялық теорияларды қатаң 
сынады, өйткені олар халыққа пайдасы жоқ деп санады және 
де өз заманындағы қоғам мен мемлекетті батыл сынға алды, 
ондағы пайда болған жекеменшікті – әлеуметтік зұлымдық деп есептеп
коммунистік (тапсыз) қоғамды кедейлердің байларға қарсы революциялық 
әрекет жасап, күш қолдану керек деп санады. 
БАБЫР, Бабыр Заһир ад-дин Мұхаммед  (1484–1530) — атақты қолбасшы, 
көрнекті ақын, әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері. Басты 
шығармасы: «Бабырнама». 
БАЙТҰРСЫНОВ, Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1938) — 
ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, 
педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. «Алаш» ұлттық-
мемлекеттік құрылым идеясын жақтаған. А.Байтұрсынұлы 
қазақтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, 
жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке
адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. 
Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатына 
қарсы шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет