271
ВЕРНАДСКИЙ,
Владимир Иванович Вернадский (1863–
1945) —
орыс-совет ғалымы, ойшыл-космист және қоғам
қайраткері. Биосфера және Ноосфера
сферасы теорияларын
әрі қарай дамытушы. Геохимия, биогеохимия, радиогеология,
гидрогеология және т.б. Жер туралы ғылымдардың негізін
қалаушы. Петербор университетіндегі
физика-математика
факультетінің жаратылыстану бөлімін тәмамдаған (1881—
1885), атақты Бекетов, Бутлеров, Менделеев, Сеченов сияқты
ғалымдардың шәкірті.
Шығармалары: «О научном мировоззрении», 1903;
«Очерки по истории естествознания в России в XVIII столетии», «Академия
наук в первое столетие своей истории», «Химический состав живого
вещества», 1922; «Начало и вечность жизни», 1922), «Биосфера», 1926; және
т.б.
ВИКО,
Джамбаттиста
Вико
(1668–1744)
—
Ағартушылық кезеңіндегі итальяндық
ірі философтарының
бірі, тарих философиясын әрі халықтар психологиясын
жасаушы, заңгер, сондай-ақ
мәдени антропология мен
этнологияның негізін салушы.
Шығармалары: «Об изучении
методов нашего времени», «О древней мудрости итальянцев»
және «Основания новой науки об общей природе наций»
сияқты саяси ойлар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: