1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет94/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   236
Totin Filosofia (1)

ГАССЕНДИ, Пьер Гассенди (1597–1655) — француз 
ағартушыларының бірі, атақты ойшыл. Гассенди Гоббспен 
бірлесіп розенкрейцер Роберт Флуддтың мистикалық 
ілімдерін талдайды. Декарттық ойлауларға талдаулар жасай 
отырып, оған сыни еңбек жазады. Гассенди XVIIғ. өмір 
сүрген ғылым тарихымен шұғылданған бірден-бір ғалым 
болды.
ГАУТАМА, Сидхартха Будда Шакьямуни Гаутама 
(б.д.д.563ж. – б.д.д. 483ж.) — рухани оқытушы, аты аңызға 
айналған буддизмнің негізін қалаушы, Үнді субконтинентінің 
солтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүрді, «Төрт ақиқат» ілімін 
құрастырушы. Ол Шакья патшалығының мұрагер ханзадасы 
болған. Жиырма жасында диуана монахқа («Шакья руынан 
шыққан диуана») айналады. Өмір мен өлімнің ақиқаты оған 
бірден, тұтастай күйде беріледі. Сол кезден бастап ол Буддаға, 
яғни оянған адамға, Ағарған – адамға айналады. Ол 40-жыл бойы өз ілімін 
Үндістанда дәріптеген және оған жүздеген, мыңдаған адамдар ерген. Оның 
философиясы ведалар мен упанишадалардың философиясын ығыстырып 
шығарды.
ГРОЦИЙ, Гуго Гроций (1583–1645) — философ, заңгер, 
қоғам қайраткері, Голландиялық әлеуметтік-саяси және құқық 
философиясының көрнекті өкілі. Көтерген мәселелері: 
гносеология, таным мәселелері; мемлекет пен құқық мәселесі; 
соғыс пен бейбітшілік мәселесі және халықаралық қатынастар 
мәселесі. Табиғи құқық теориясының негізін қалаушының 
идеясы: құқықты Құдай бермеген; құқық бастапқыдан адамда 
бітімделген; табиғи құқық – адам табиғаты, болмысымен 


274 
бітімделген (өмір сүру құқы, еркіндікке құқық, әділеттілік және т.б.) құқық, 
ол заңда жазылса да, жазылмаса да мүлтіксіз орындалуы керек. 
ГЕГЕЛЬ, Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770–1831) — 
неміс философы, неміс классикалық философиясының және
романтизм философиясының жасаушысы. Диалектикалық 
идеализмнің универсальді жүйесін және диалектикалық 
логиканы (диалектикалық әдісін) құрды. Шығармалары: 
«Рух феноменологиясы», «Құқық философиясы», «Дін 
философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы», 
«Табиғаттың 
философиясы», 
«Рухтың 
философиясы», 
«Тарих 
философиясы», «Логика ғылымы», т.б. Ол өз философиясының бастамасы 
етіп абсолют идеясын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет