1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары



бет32/53
Дата09.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462270
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
лекция

Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары


Дәріс жоспары:
1. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры және олардың арақатынасы.
2. Түркі тілдеріне ортақ сөздер.
3. Қазақ тілінің байырғы төл сөздері.
4. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.
5. Калька тәсілі (толық, жартылай калька тәсілі).


Дәріс мазмұны


1.Қазақ тілінің сөздік құрамы мен сөздік қоры және олардың арақатынасы. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтан да сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты, тіл-тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық құрылысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір сүрмейді, өзге халықтармен экономикалық, саяси, мәдени байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске енетін тілдің лексикалық қабаты болып саналады.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер, кірме сөздер, неологизмдер мен термин сөздер, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, яғни тіліміздегі барлық сөздер енеді.
Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы болып табылады. Сөздік қорға қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сипат алған сөздер ғана кіреді. Қазақ тілі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді.
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның арақатынасын, олардың бір-бірін үнемі толықтырып, жаңғыртып отыруынан және сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағытын анықтап, әрдайым байланыстырып отырады. Сол себепті, бұлардың арақатынасының шартты сипаты бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет