1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы


Диалектілік лексика және оның қызметі



бет39/53
Дата09.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462270
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
лекция

3. Диалектілік лексика және оның қызметі. Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір аймақта тұратын халық тілінде ғана кездесетін сөздер диалект деп аталады. Диалектілік лексикаға белгілі бір аймақтағы (аймақ, облыс, аудан) жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын тілдік бірліктері жатады. Диалект сөздер әдеби тілге қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: лексикалық диалектизмдер; лексика-фонетикалық диалектизмдер; семантикалық диалектизмдер.
Жергілікті сөйленістер әдеби тіл нормаларынан сырт тұрғанмен әдеби тілді толықтырып, байытудағы үлесі мол. Халық тұрмысында ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда халық қазынасы ретінде пайдаланатын лексикалық қабаттың бірі – диалектизмдер. Мысалы, марля сөзінің баламасы ретінде – дәке, носилка сөзінің баламасы ретінде – зембіл, подряд сөзінің баламасына – мердігер, минералды су мағынасында «арасан» сөздері жергілікті лексикалық сөйленістер қатарынан ауысқан. Әдеби тілдің лексикасы мен аймақтық лексика арасындағы байланыс сияқты, ғылым мен техниканың түрлі саласына қатысты терминологиялық лексика мен аймақтық лексика арасында да байланыс бар. Қазақ терминологиясында диалектілік лексиканың терминденуі арқылы жасалған терминдер тым жиі болмаса да кездеседі. Мәселен, батыс сөйленістерінде қолданылатын төп сөзі биология терминдерінің қатарынан орын алған. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде бұл сөз «сөктен жасалған ботқа, каша; көженің қоюы» деген диалектілік мағынаға ие болса, 1988 жылы жарық көрген биология арнаулы сөздігінде төп (барда) терминіне «малға жем ретінде пайдаланылатын спирт өндіргенде қалатын қоймалжың қалдық» деген анықтама берілген. Диалект сөздің білдіретін ұғымы мен терминдік ұғымның ұқсастығына (қою, қоймалжың) термин сөз жасалған (2, 103 б.).
Жалпы тіл ғылымында диалектизмдер бір тілде сөйлейтін халықтың өз арақатынасының аздығынан пайда болады. Қазіргі кезде жастардың мектепте оқуы, бәрі бірдей әдеби тілде жазылған оқулықты пайдалануы, газет-журнал, көркем шығарманың халыққа кеңінен таралып, радио-теледидар ақпараттарының әдеби тіл нормаларын сай жүргізілуі әдеби тілде сөйлеушілердің санын көбейтіп, жергілікті сөйленістердің қолданыстық аясының тарылуына әкелуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет