1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет37/53
Дата09.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462270
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
лекция

Сөздіктер:

  1. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. –Алматы, 1966.

  2. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. −Алматы, 1975.

  3. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. Аударған: А.Егеубай. І,ІІ т. –Алматы, 1997. ІІІ т. –Алматы, 1998.

  4. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша сөздік. −Алматы, 1989.

  5. Оңдасынов Н.Д. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. −Алматы, 1974.

  6. Рүстемов Л.З. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі.

  7. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков І-ІІІ т., -М., 1980.

  8. Монғолша-қазақша сөздік. Ұланбатыр, 1954. Құрастырушылар: С.Хабшай, Ә.Мініс.

  9. Нұрмағамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. −Алматы, 1985.

  10. Нұрмағамбетов Ә. Қос сөздер құпиясы. −Алматы, 1991.

  11. Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. −Алматы, 1976.

  12. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы, 1980.

Дәріс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексикасының аймақтық-әлеуметтік топтары


Дәріс жоспары:
1. Жалпыхалықтық және арнаулы лексика.
2. Арнаулы лексиканыың қызметі.
3. Диалектілік лексика және оның қызметі.
Дәріс мазмұны


1. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер қолданылу өрісіне қарай үлкен екі топқа бөлінеді: жалпы халыққа түсінікті, қазақ халқы түгел қолданатын сөздер де, екіншісі – таралу аясы шектеулі, белгілі территорияда ғана қолданылатын диалект не әлеуметтік ортаға қызмет ететін кәсіби сөздер, терминдер, арго, жаргондар.
Бірінші топқа енетін жалпы халық қолданатын сөздер бүкіл әдеби тілдің негізін құрайды және тілімізде сөз жасауға негіз болады. Онсыз халық бір-бірімен қатынас жасауы мүмкін емес. Ауызекі немесе жазба сөйлеу тілінде болсын өз ойымызды жеткізу үшін, біз жалпыхалықтық лексиканы пайдаланамыз. Сол себепті жалпылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып табылады. Жалпыхалықтық сипат алған лексикадағы сөздер тек тура мағынасында ғана емес, метафоралық, метонимиялық, синекдохалық жолмен көрініс табатын ауыспалы мағынада қолданылып, түрлі контексте әртүрлі экспрессивті мәнді иеленеді.
Ал таралу аясы шектеулі сөздер тек белгілі бір аймақта, салада, әлеуметтік ортада ғана қызмет етеді. Қолданылу аясы тар лексиканың түрлері мыналар: диалект сөздер, арнаулы сөздер, арголар мен жаргондар. Арнаулы лексика екі алаға бөлінеді: кәсіби терминология; кәсіби сөздер.



Кесте 1. Жалпыхалықтық лексиканың жіктелімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет