5. Мәтіннен публицистикалық және ресми іс қағаздар стиліне тән сөз қолданыстарын тауып, олардың стилистикалық мағынасындағы ерекшелігін, жасалу жолдарын анықтаңыздар.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын биылғы Жолдауының сыры да, сипаты да бөлек. Бұл құжат Жолдау ғана емес, еліміздің жаңа онжылдыққа арналған стратегиялық бағдарламасы іспетті. Өйткені, мұнда республикамыздың экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының алдағы он жылға арналған міндеттері айқын да нақты көрініс тауып отырады.
Жаһандану және жаңа технологиялар заманында білім беру жай ғана әлеуметтік сала емес. Бұл болашаққа зиялы ұмтылыс деген сөз. Және бұл үрдіске еліміздің барлық азаматтары қатысады. Сыни ойлау қабілеті, өнегелі сана-сезімі бар және ақпараттық ағымды бағдарлауға қабілетті адамдарды даярлау жоғары оқу орындарында білім берудің басым бағыттарының біріне айналып отыр. Еліміздің өміріндегі білім берудің және интеллектуалды ресурстардың рөлі Елбасы сөзінде нақты көрсетілген: «Әр азаматтың денсаулық, интеллект және білім деңгейі қаншалықты сапалы болса, соншалықты мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік қауымдастығында жоғары болады» (Егемен Қазақстан. №85-87, 6 наурыз 2010 ж.).
Құрметті арулар!
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі 8 Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Ел Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев іскер, талантты, дарынды жандарға барынша қолдау танытып, ұрпақ сабақтастығы
саналатын ана мен бала мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Елбасының айрықша қамқорлығының арқасында сіздер отбасының, мемлекеттің, Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп келесіздер.
Сіздерді бүгінге мерейлі мерекеңізбен тағы бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! (Егемен Қазақстан. № 85-87, 6 наурыз 2010 ж).
Сен өзің бір жасық жігіт екенсің ғой! Одан қорқатын түк жоқ. Барлық фактісі, міне, менің қойнымда отыр, -деп омырау қалтасынан, көп қағаздың арасынан бір қағазды суырып алды. Алды да: - Міне, міне мына қағаз оның әкесін танытады. Танытатын жерге әлдеқашан жіберілген. Мынау шорнобой деді. Сөйтті де ісі-місі жоқ, қағазын судыратып оқи бастады.
Бекболат амалсыз тыңдады. Кім біледі, кейін бір керегі боп қалар, біз де тыңдайық.
«Семей губпромкомына. Копия. «Қазақ тілі» басқармасына. Н.Үйезі Сартау болысының қазағы Жамандай Тайқотұлынан мағлұмнама
Сартау елінің барлық қанын сорған, байлығын жиып алған Матай балалары. Себебі 1887 жылы Сартау еліне болыснай управитель болған. Сонан үшбу уақытқа шақты еліне әмірінің жүруі бөлек: автономиялы, ханлы ел сықылды.
Халыққа қарайтұғын алым-шығын, поштауай ат һәм лау ат, ауылнай, старшин сайлану һәм елу басы сайлану - баршасы жалғыз Матай балаларының ықтиярында болған. Осындай өз қолымен сайлап қойған ауылнай старшиндер һәм нарядный судьяларының махырлары Әбен Матайұлының қолында болады да, өзі керек қылған кезінде баса береді (Ж.Аймауытов. Ақбілек).
Достарыңызбен бөлісу: |